Денисов ауданының өнерпазы он беске жуық күй шығарған

Денисов ауданында ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттап жүрген талантты өнерпаз, күйші-композитор Бекзат Ғазезов есімді азамат тұрады.

Ол осы уақытқа дейін 15-ке тарта күй мен ансамбльдерге арналған әртүрлі туындылар шығарған. Бүгінде күйшінің авторлық шығармаларын Денисов жастарымен қоса облысымыздың өнерпаздары орындап жүр.

Бекзат Ғазезов Приречен ауылының мәдениет қызметкері болып еңбек етуде. Балаларға арнап домбыра және ортеке үйірмелерін ашты. Осылайша жергілікті халықтың ұлттық рухын көтеруге, бабадан қалған асыл мұраны жас ұрпаққа насихаттауға үлес қосуда. Оның еңбегін кеңінен дәріптеу мақсатында Денисов ауданы әкімдігінің қолдауымен жуырда облыстық домбырашылар фестивалі өтеді.

-Былтыр аудан көлемінде шығармашылық кешімді бердім. Біршама аудандар мен қалалардан орындаушылар келіп, қатысты. Биыл қатысушылар саны артып, мәдени кеш облыстық деңгейге көтеріліп отыр. Федоров, Қарабалық, Бейімбет Майлин, Жітіқара, Қамысты аудандары мен Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларынан өнерпаздар келіп, менің шығармаларымнан бір-бір күйден орындайды. Фестивальде менің авторлық күйлерімнен тыс Тобыл-Торғай өлкесінің танымал композиторларының күйлері де міндетті түрде орындалады. Яғни, менің бір күйім және Тобыл-Торғай күйшілік мектебінің бір шығармасы орындалуы тиіс»,-деді өнер иесі.

Күйші қазіргі уақытта ортеке жасайды, оны домбыра әуенімен ойнатады. Ортекеге арналған үш шығармасы бар. Қасиетті өнерге деген ынтызарлық немесе қабілет атадан балаға мирас болып жетіп, әкенің қанымен берілген екен.

-Қостанай облысы Амангелді ауданының Үрпек ауылында Ғабдолғазез Әмірхамзаұлы деген ақын кісі өткен. Мен сол кісінің немересі болып келемін. Ол кісінің 500-ге тарта өлеңі және он беске жуық поэмасы кітап болып жарыққа шықты. Кейінгі ұрпаққа рухани азық болар әдеби-мәдени мұралар қалдырып кеткен азамат. 17 жасқа дейін сол кісінің қолында өстім. Туғаннан бастап мені атам мен әжемнің бауырына салған. Ал енді өнерге деген ынтызарлық қайдан келді десеңіз, сол атамның бойынан дарыған қасиет деп жауап берер едім. Ақындық өнер атам Ғабдолғазез Әмірхамзаұлынан берілген, күйшілік, домбырашылық қабілет өзімнің әкемнен қаныма сіңген өнер. Кішкентай кезімде әкемнің өнерін тыңдағаным болмаса, маған арнайы күйшілікті үйреткен жоқ. Бірақ атамның үйіне жетісіне бір келгенде домбыра тартып кететін. Ал мен артынша соны қайталауға тырысатынмын»,-деп еске алады күйші-композитор Бекзат Ғазезов.

Күйшінің  авторлық шығармаларына арналған «16 шақырым қашықтықтағы сағыныш» атты облыстық домбырашылар фестивалі 29-қыркүйек күні сағат 16:00-де Денисов аудандық мәдениет үйінде өтеді.

Сұхбаттасқан Қымбат ДОСЖАНОВА

admin

Recent Posts

Денисов ауданында агросекторды цифрландыру қарқынды

Денисов ауданындағы «Арай Холдинг» ЖШС өндірісте ең соңғы жаңа технологиялық шешімдерді белсенді қолдануда. (далее…)

3 дня ago

«Нельзя ли сделать исключение?»: в Денисовском районе аксакал попросил акима области помочь с грантом для талантливых студенток

На встрече акима Костанайской области Кумара Аксакалова с населением Денисовского района, проходившей в Доме культуры…

2 недели ago

В Денисовском районе запустили смарт-ферму с жилыми капсулами

Представьте себе полевой стан, где вместо привычных вагончиков стоят футуристичные капсульные дома, работает Starlink, а…

2 недели ago

В Денисовском районе медики провели более двух с половиной тысяч подворных обходов в рамках борьбы с вредными привычками

Масштабная информационно-разъяснительная работа направленная на профилактику алкоголизма, табакокурения и формирование здорового образа жизни продолажется. (далее…)

3 недели ago

В селе Антоновка Денисовского района обновили дорожные знаки и нанесли новую разметку

В рамках реализации национальной концепции «Закон и порядок» и формирования политики «нулевой терпимости» к правонарушениям…

3 недели ago

This website uses cookies.