Денисовтың Қырым ауылында бір отбасы иесіз жерді шағын баққа айналдырды

Қырым ауылының тұрғыны – Старицындер отбасы қайырымдылық жасауға асық тұратын жандар. Айналаны көгалдандырып, қоғам игілігіне қызмет ету әулеттің басты мақсаты.

Ұйымшыл отбасы ауылдағы қараусыз қалған жерді ретке келтіріп, үлгілі іске ұйытқы болды. Аумақты тазартып, көшет отырғызып, өсімдіктерді күтіп-баптады. Бір жыл бойы жүргізілген үздісіз жұмыстың нәтижесінде айнала айнадай таза, жасыл желекке орнанып шыға келді. Отағасы аумақты қоршап, гүлзарлар мен мүсіндер жасап қойды. Жасыл бақты көрген жан сүйсінбей қоймас. Еңбекқор жанұя үлгілі іс атқарып, ауылдастарының мақтанышы айналып отыр. Старицындер отбасының осынау бастамасы «Отбасылық еріктілер» аудандық байқауында жүлдегер атанды. «Жасыл болашақ» аталымында үздік жоба ретінде танылды. Қырым ауылы әкімі аппараты жүлдегер отбасыны арнайы құттықтап, грамота мен естелік сыйлық табыстады.

Байқаудың ұйымдастырушысы «Үміт – 2050» қоғамдық қоры. Ұйым аталған жобаны  Денисов аудандық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру аясында өткізді. Сайыс тамыз-қазан айлары аралығында жүрді. Ауданға қарасты 7 елді мекеннен барлығы 10 отбасы қатысты. Талап бойынша үміткерлер отбасымен бірге еріктілік қызметі туралы бейнеролик түсіріп әзірлеу қажет болды.

-Мұндай бастамаларға қатысу – жанұя татулығын арттырып, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырады. Еріктілік – қоғамға үлес қосуға баулитын жауапкершілік жолы. Қатысушылар бұл міндеттің салмағын сезіне білді. Аудандағы еріктілер қозғалысын ілгерілетуге қосып жатқан үлестеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамын,-дейді «Үміт-2050» қоғамдық қорының бас директоры Күнсұлу Токушева.

Старицындер отбасының бастамасы «Сад для души» деп аталады. Олар бірлесе игі іс жасау арқылы ауылдастарын қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақырады. Экологиялық мәдениет, аумақты абаттандыру жұмыстары – баршаға ортақ міндет.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Сурет Қырым ауылы әкімі аппаратынан алынды.

admin

Recent Posts

В Денисовской районной больнице продолжается вакцинация против гриппа

Жители района могут в любой момент обезопасить себя и своих близких, пройдя бесплатную вакцинацию против…

3 часа ago

В Антоновке высадили пирамидальные тополя в рамках экологической акции

27 октября школьный двор села пополнился аллеей молодых пирамидальных тополей, а само мероприятие объединило сельчан…

4 дня ago

В Денисовском районе проверили объекты исторического наследия

На аппаратном совещании под председательством акима Денисовского района Руслана Катпаева озвучили результаты мониторинга памятников истории,…

4 дня ago

На улицах Денисовского района обновляют и обслуживают освещение

Заботу об исправности фонарей, оперативном устранении аварийных ситуаций и обновлении световой инфраструктуры населенных пунктов взяла…

7 дней ago

Уроженец Свердловки больше двадцати лет охраняет государственную границу на родной земле

Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…

1 неделя ago

Уроженец Свердловки больше двадцати лет охраняет государственную границу на родной земле

Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…

2 недели ago

This website uses cookies.