Денисов ауданында агросекторды цифрландыру қарқынды

Денисов ауданындағы «Арай Холдинг» ЖШС өндірісте ең соңғы жаңа технологиялық шешімдерді белсенді қолдануда.

Өсімдік шаруашылығында халықаралық «Сингента» компаниясынан Cropwise цифрлық платформасын пайдаланады. Жаңашылдық ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруға, алқаптарды тексеруге жәрдемдеседі. Көктемгі дала жұмыстарын дәл жоспарлаудан бастап егістікке күтім жасауға, мол өнім алуға дейінгі жұмыстарды оңтайландырады. Платформа алқаптағы ахуалды спутник арқылы қадағалауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде егістіктің жай күйін қысқа мерзім ішінде анықтап, тексеруге болады.

-Мұндай артықшылық егістіктегі мәселені дер кезінде анықтауға ықпал етеді. Ауруға шалдыққан тұсын немесе зиянкестердің түскенін уақытында біліп отырамыз. Тұқымды, тыңайтқышты, жанар жағармайды мөлшерімен пайдалануға жағдай жасайды. Жұмыстың өнімділігін арттырады. Цифрлық технологияларды мал шаруашылығында да кәдеге асырудамыз. «Сарыағаш» ЖШС базасында шаруашылықтың жұмысына бірқатар цифрлық жаңашылдықтар енгізілген,-деді компаниялар тобының ресми өкілі.

«Сарыағаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі заманауи технологиялардың бірі — сүт бағытындағы сауынды сиырлар табынын басқаруға арналған DairyPlan жүйесі. Оның артықшылығы қағазбастылықтың орнына барлық ақпарат бірыңғай дерекқорда сақталады. Әрбір сиырдың деректері орталықтандырылған түрде жүргізіледі. Сүт өнімділігі, сүт өткізгіштігі, жем тұтыну қабілеті, салмақ және белсенділік көрсеткіштерін жүйе жинақтап отырады. Gallagher технологиясы – жас малдың салмағын өлшеуге және электронды тексеру үшін қолданылады. Әсіресе, әр төлдің тәуліктік салмақ қосу көрсеткішін дәл анықтауға қолайлы. Соның арқасында нақты салмақ қосу көрсеткішіне негізделіп азықтандыру тәртібі жасалады.  Салмақ қоспай, артта қалып жатқан мал дереу анықталады. Бұл тәсіл бордақылау жұмысының нәтижелі атқарылуына жол ашады. Одан кейін жемді араластыру кезеңінен бастап азық астауға жеткенге дейін дәл қадағалауды қамтамасыз ететін DTM бағдарламасы бар. Ол азық қоспасының рационға сәйкестігін бақылайды. Қымбат тұратын қоспалардың ысырабын азайтуға және белгіленген рационнан ауытқуларды мейлінше болдырмауға басымдық береді. Науадағы желінбеген азық пен қалдықтарды қадағалап, нақты тұтыну көлемін өлшейді. Ақылды жүйелердің пайдасын осы қасиеттерінен-ақ бағамдай берсеңіз болады.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті түсірген автор

admin

Recent Posts

«Нельзя ли сделать исключение?»: в Денисовском районе аксакал попросил акима области помочь с грантом для талантливых студенток

На встрече акима Костанайской области Кумара Аксакалова с населением Денисовского района, проходившей в Доме культуры…

2 недели ago

В Денисовском районе запустили смарт-ферму с жилыми капсулами

Представьте себе полевой стан, где вместо привычных вагончиков стоят футуристичные капсульные дома, работает Starlink, а…

2 недели ago

В Денисовском районе медики провели более двух с половиной тысяч подворных обходов в рамках борьбы с вредными привычками

Масштабная информационно-разъяснительная работа направленная на профилактику алкоголизма, табакокурения и формирование здорового образа жизни продолажется. (далее…)

2 недели ago

В селе Антоновка Денисовского района обновили дорожные знаки и нанесли новую разметку

В рамках реализации национальной концепции «Закон и порядок» и формирования политики «нулевой терпимости» к правонарушениям…

3 недели ago

О безопасности школ и защите детей от аферистов поговорили в Денисовском районе

Встречу с директорами учебных заведений провели представители аппарата акима, полиции и отдела образования (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.