Былтырғы мәліметке сәйкес, «Денисов аудандық ауруханасы» мекемесінің штатында 242 қызметкер бары белгілі болып отыр.
Оның 32-і дәрігер, 98 орта білімді медицина маманы, 51 кіші медицина қызметкері, 61 басқа да персонал. Мұндағы мамандардың көпшілігі 20 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі дәрігерлер. Сала қызметкерлерінің қатары жас мамандармен толығуда.
– Жас мамандар қашан да қажет. Әсіресе ауылдық жерлерде еңбек етуге шақырамыз. Мамандарды тарту мақсатында Еңбек.кz сайтына бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды жиі жариялап отырамыз. Кадр тарту іс-шаралары жақсы нәтиже беруде. Мысалы былтыр ауданға үш дәрігер келді. Олардың бәрі қызметтік пәтер алып, тағы бір дәрігер тұрғын үй сатып алу үшін көтерме жәрдемақы мен несиеге құжат тапсырып қойды. Биыл жыл аяғына дейін тағы үш дәрігер келеді деп күтіп отырмыз,-деді аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Әділ Рахметов.
Білікті маман Әділ Нұртайұлының айуынша, қазіргі уақытта аудандық ауруханаға онколог – маммолог, травматолог дәрігер, хирург, УЗИ маманы, мейірбикелер және шалғайдағы медицина пунктерінде жұмыс істеуге тағы екі маман қажет. Денсаулық сақтау саласы кадры аса қажет ететін жер. Сол себепті болашақ дәрігерлерді қаламен қатар ауылдарға да тарту үшін мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Формирование правового государства и воспитание ответственных, активных граждан — стратегические ориентиры, о которых неоднократно подчеркивает…
Денисов ауданының параспортшысы Светлана Иржанова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының…
В Костанайской области начался пятый сезон Костанайской любительской хоккейной лиги (КЛХЛ). (далее…)
История успеха у каждого своя, но самые вдохновляющие сюжеты всегда рождаются там, где сочетаются верность…
№3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің шәкірті Мағжан Асқар болашағынан зор үміт күттіретін спортшы жас.…
Денисов ауданында медицина ұйымдарының техникалық-материалдық базасын нығайту жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі халықпен есептік кездесуінде…
This website uses cookies.