Денисов ауданында медицина салысы жаңғыруда

Денисов ауданында медицина ұйымдарының техникалық-материалдық базасын нығайту жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі халықпен есептік кездесуінде айтқан еді.

Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту жұмысы белсенді жүргізілуде. Осы жылы ауданның медицина ұйымдарын тиісті жабдытармен қамтамасыз етуге 31 млн теңге қарастырылды. Қазіргі уақытта зертханалық екі микроскоп, бинокулярлық микроскоп және дистиллятор сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы да бірнеше медициналық құрал жабдық жеткізілмекші. Соның ішінде зертханалық центрифугалар, аудиологиялық скрининг құрылғысы, фармацевтикалық тоңазытқыштар, бинокулярлық микроскоп, дистиллятор, аспираторлар, дефибриллятор, медициналық шамдар, ультрадыбыстық тазалағыш және термостатты шайқағыш. Мекемелерді заманауи жабдықтармен жасақтау медициналық көмектің нәтижесін арттырып, диагностикалау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Аудан бойынша бірқатар елді мекендерде медициналық пункттер жөнделіп жатыр. Покров, Аршалы, Аят ауылдарының медпункттері жақын арада жаңа кейіпке енбек. Жөндеу жұмыстарын қазан айының соңына қарай аяқтау жоспарланған. Сондай ақ аудандық ауруханының жертөлесі мен мәйітхана ғимараты жаңартылды. Аталған жұмысқа 19 млн теңге бағытталған.

Денисов аудандық ауруханасына жұмысқа орналасқан жас мамандардың бірі Виталий Салафетов. Ол осы өңірдің тумасы. Осында мектеп бітіріп, кейін Қарағандыдағы медициналық университетке түседі. Оны бітірген соң, екі жылдай Қарағанды қаласындағы онкологиялық диспансерде жұмыс істеді. Содан кейін ғана туған жеріне оралып, Денисов аудандық ауруханасында қызмет етуде.

– Біздің аудандық аурухана өте жақсы жер. Алайда, кез келген аудандық ауруханадағы сияқты мұнда да онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған заманауи жабдықтар тапшылығы байқалады. Күндердің бір күнінде оған да қолымыз жетеді деп сенемін. Қызметіме келсек, күнделікті жұмыс барысында қатерлі ісіктің алдын алумен айналысамын. Жаман ауруды уақытында анықтап, оны жеңі жолында пациентке қолдау білдіру және көмектесу негізгі миссиям, – деп есептейді жас маман Виталий Салафетов.

Аудан бойынша медициналық инфрақұрылымды жаңарту аса қажетті әрі маңызды жұмыстардың бірі. Әсіресе тұрғындар денсаулығын сауықтыруда таптырмас қолдау. Жаңадан сатып алынған жабдықтар пациенттерге жайлылық сыйлап, медицина мамандарының жұмысын өнімді етеді. Аудандағы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырып, сапасын жақсартады.


Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттер Денисов аудандық ауруханасынан алынды.

admin

Recent Posts

Денисовтық балақай республикалық жарыстан олжалы оралды

№3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің шәкірті Мағжан Асқар болашағынан зор үміт күттіретін спортшы жас.…

9 часов ago

Педагог из Зааятского Денисовского района стала призером областного конкурса благодаря искусственному интеллекту и авторским цифровым проектам

Цифровизация образовательной сферы Казахстана сегодня перестала быть просто абстрактным понятием из программных документов или громким…

5 дней ago

В селе Денисовка подходит к концу осенний сезон цветочного оформления

Подрядная организация ИП «Пастушок» приступила к финальной уборке клумб и очитке территорий. (далее…)

1 неделя ago

Денисов ауданының педагогы Баян Достанова «Құрмет» грамотасын алды

Бүгін Қостанайда өткен ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шарада Денисов ауданының педагогы Баян Достанова облыс әкімінің…

2 недели ago

This website uses cookies.