Денисов ауданы Жалтыркөл ауылының тұрғыны Әнуар Досановтың Мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілігі шексіз. Үйінің жанына еліміздің көк байрағын орнатып қойыпты. Бұл әрекетімен Қазақстан Республикасының Туына ерекше құрметін білдіргісі келеді.
Мұндай ой бала кезінен туындаса керек. Әкесі Сламғали ақсақал кезінде ауданға аты шыққан экономист болыпты. Кеңес дәуірі тұсында Мәскеуде өткен экономистердің үлкен жиналысына қатысып, базарлық есебінде баласына сол кездегі Қазақ КСР-ның туын әкеліп береді. Сол уақыттан бастап Мемлекеттік рәміздердің маңызы туралы ой бала қиялында берік сақталған сияқты.
– 2020 жылғы желтоқсанда жеке тұлғаларға Туды ілуге ресми рұқсат берілді. Сол сәттен бастап үйімнің ауласына орнаттым. Заңнама талабын сақтай отырып, күтімін жасаймын,-дейді Әнуар Досанов.
Патриот азамат қайда жүрсе де Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін көрсетуден талмайды. Автокөлік нөміріндегі Тудың бейнесін де сүртіп, барынша күтіп ұстауға тырысады.
– 2012 жылы автокөліктерге арналған нөмірлердің жаңа үлгісі шыға бастады. Мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің сол жағына Қазақстан Республикасының Туы және «KZ» индексі қосылды. Сол кезде мен бірден көлік нөмірін жаңартып алдым. Мен үшін еліміздің көк байрағы – мақтаныш, зор құрметтің белгісі,-дейді ол.
Елімізде жыл сайын 4 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің күні аталып өтеді. Маңызды мерекеде рәміздердің құндылығы дәріптеледі. Ту, Елтаңба, Әнұран – бәрі тәуелсіздіктің, егемендік негізгі атрибуты саналады. Оны пайдаланудың өзіндік талабы бар. 2020 жылы ел Президентінің тапсырмасымен Мемлекеттік рәміздерді пайдалану туралы заңнама қайта қаралды. Нәтижесінде бұрын қабылданған шектеулер азайып, азаматтардың Мемлекеттік Туды тұрғын үйлерінің балкондарына немесе қабырғасына ілуіне заңнамалық тұрғыдан рұқсат берілді. Бұл жерде Мемлекеттік Ту ұлттық стандартқа сай болуы тиіс екенін ескерген жөн. Стандартқа сәйкес келмеген жағдайда, ол ауыстырылады немесе жойылады.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті кейіпкер ұсынды
Формирование правового государства и воспитание ответственных, активных граждан — стратегические ориентиры, о которых неоднократно подчеркивает…
Денисов ауданының параспортшысы Светлана Иржанова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының…
В Костанайской области начался пятый сезон Костанайской любительской хоккейной лиги (КЛХЛ). (далее…)
История успеха у каждого своя, но самые вдохновляющие сюжеты всегда рождаются там, где сочетаются верность…
№3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің шәкірті Мағжан Асқар болашағынан зор үміт күттіретін спортшы жас.…
Денисов ауданында медицина ұйымдарының техникалық-материалдық базасын нығайту жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі халықпен есептік кездесуінде…
This website uses cookies.