Денисов ауданының жастары өлке тарихы мен табиғатын зерттеуге ынталы

Денисов ауданында өлке табиғатын, көрікті жерлерін жас ұрпаққа таныстыру мақсатында «Юный турист» үйірмесі жұмыс істейді.

Дәл осы бағдарламаның арқасында қаншама бала қиялына қанат бітіріп, шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік алды.

«Юный турист» үйірмесі алғашында, 2017 жылы №2 Денисов жалпы білім беретін мектебінің базасында ашылған. Сол кездегі жетекшісі қызмет ауыстыруына байланысты үйірме жұмысы тоқтап қалды. Көп ұзамай, 2021 жылы Приречен жалпы білім беретін мектебінің базасында қайта жанданды.

– Қазір тізімде 15 бала жазылған. Шын мәнінде одан да көп қатысушы бар. Туристік-өлкетану бағыт аса сұранысқа ие. Сондықтан үйірменің жұмысын жалғастыруға шешім қабылданды. Оқушылардың туристік қабілетін дамыту, физикалық дайындығын шыңдау, қоршаған ортаға, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін ояту, салауатты өмір салтын ұстануға баулу – негізгі мақсатымыз,-деп түсіндірді аудандық балалар шығармашылық үйінің директоры Валерий Важничий.

Үйірме жетекшісі Павел Редькин зерек шәкірттерге туризм туралы әңгімелеуден жалыққан емес. Табиғаттың тылсым сырын шертіп, әдемілікті көзбен көріп көңілге тоқу үшін саяхат жасауға жетелейді.

-Қосымша білім беру бағдарламасында туған өлкенің өткенін зерттеуге, құнды жәдігерлерді құрметтеуге ерекше көңіл бөлінеді. Табиғат аясындағы қауіпсіздік негіздерін, туристік техника мен топтық жұмысты үйретеді. Сабақта балалар теориялық және практикалық білімді қатар оқып, картамен, компаспен барар бағытын анықтауды үйренеді. Шатыр құруға, туристік лагерьлер жасақтауға машықтанады. Жорық немесе табиғат аясындағы демалыс кезінде ескеруге тиісті ережелерді жадына тоқиды. Соның бәріне балалалар асқан қызығушылықпен қатысады, – деді шығармашылық үйінің директоры.

Приречен ауылының жанында шағын тоғай бар. Павел Редькин бастаған саяхатшылар жасыл алқапты тамашалап, өздері сызбасын жасап алған маршрутпен жүріп өтеді. Ондай сәтте балалар бір-бірімен дос болып, ұжымдық ерік-жігерін шыңдайды. Физикалық күш пен төзімділіктерін қалыптастырады. Үйірмеден үйренгендерін кейін байқауларда сынап  көріп, бірталай жүлделерге қол жеткізді. Жазғы және қысқы туризм бағыты бойынша облыстық спартакиадаға қатысып, тәжірибе кеңейтті. «Юный турист» үйірмесінің тәрбиеленушілері алдыңғы жылы қысқы туризм бағытындағы сайыста 3-орын алып,  «Кедергілерді еңсеру» аталымының үздігі атанды. 2025-2026 оқу жылында Лисаков қаласының жанында ұйымдастырылған слётке қатысты. Облыстық туристік слётке бірнеше мәрте барып, біліктіліктерін жетілдірді. Үйірменің жұмысына қажетті туристік шатырлар, жорыққа қажетті арнайы құрал-саймандар жеткілікті екен. Алайда, көбісі ескіруде. Жабдықтарды бір жаңалап алса қауіпсіздік  те нығая түсер еді.

Ішкі туризмді дамытуда мұндай бастамалардың пайдасы көп. Ал сіздің өңірде осыған ұқсас үйірмелер бар ма?

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Recent Posts

Водителям Денисовского района напоминают о предстоящих холодах и необходимости переобуть авто

О том, с какого числа вступает в силу требование закона, какой за это предусмотрен штраф…

2 дня ago

В Денисовском сельском округе подсыпали и отгрейдировали улицы

Чтобы обеспечить жителям удобный и беспрепятственный проезд, в селах Денисовка и Гришинка провели подсыпку и…

2 дня ago

Денисовтың Қырым ауылында бір отбасы иесіз жерді шағын баққа айналдырды

Қырым ауылының тұрғыны – Старицындер отбасы қайырымдылық жасауға асық тұратын жандар. Айналаны көгалдандырып, қоғам игілігіне…

5 дней ago

В Денисовской районной больнице продолжается вакцинация против гриппа

Жители района могут в любой момент обезопасить себя и своих близких, пройдя бесплатную вакцинацию против…

5 дней ago

В Антоновке высадили пирамидальные тополя в рамках экологической акции

27 октября школьный двор села пополнился аллеей молодых пирамидальных тополей, а само мероприятие объединило сельчан…

1 неделя ago

В Денисовском районе проверили объекты исторического наследия

На аппаратном совещании под председательством акима Денисовского района Руслана Катпаева озвучили результаты мониторинга памятников истории,…

1 неделя ago

This website uses cookies.