Денисов ауданының шабандоздары көкпардан облыс чемпионатында күміс жүлдегер атанды

29-30 наурыз күндері Қостанай ауданы Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромында көкпардан Қостанай облысының ашық чемпонаты өтті. Осы додаға Досов және Жалтыркөл ауылдарының жігіттерінен құралған команда ауданымыздың атынан қатысып,  жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Чемпионатқа облысымыздың аудан, қалаларынан іріктеліп, арнайы жасақталған он екі команда қатысты. Көкпаршылардың жарысқа мықты дайындықпен келгендерін аңғару қиын емес еді. Құрыш білекті, батыл жүректі жігіттер ә дегеннен ойынды тартысты бастады. Ойын кестесіне сәйкес он екі команда үш-үштен 4 топқа бөлінді.

Денисов ауданының көкпаршылары екінші топта Жітіқара және Арқалық қаласының командаларымен ойнады. Жарыстың бірінші күнінде Денисов ауданының көкпар командасы Жітіқара ауданының көкпаршыларын 2:0 есебімен жеңді. Біздің жігіттер екінші ойында Арқалық командасын 4:0 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Келесі күні жартылай финалда Денисов ауданының құрама командасы мен Әуликөл ауданының командалары бақ сынасып, біздің жігіттер 2:0 есебімен екінші орынға ие болып, күміс жүлдені жеңіп алды.

Көкпардан Қостанай облысының ашық чемпионатында күміс жүлдегер атанған Денисов ауданының құрама командасы:

Мұстафин Дидар, тұлпарының аты «Аспархан»

Мұстафин Бақтияр, тұлпарының аты «Жемчуг»

Қаспаев Дали, тұлпарының аты «Глобус»

Жұмағұлов Айдос, тұлпарының аты «Малыш»

Сүлейменов Рүстембек, тұлпарының аты «БТР»

Бірімжанов Дамер, тұлпарының аты «Браслет»

Ибрагимов Нұрлан, тұлпарының аты «Хан»

Аманов Марат, тұлпарының аты «Мерген»

Сүлейменов Беслан, тұлпарының аты «Құмар»

Бердібаев Нағашыбай, тұлпарының аты «Лексус»

Мұстафин Ермек ағамыз,

Оразов Күмісбек, тұлпарының аты «Жұлдыз».

Дәл осы күні аударыспақтан Қостанай облысының чемпионаты да өтті. Ауданымыздың мақтанышы, белгілі шабандоз, мықты спортшы Дидар Мұстафин қатысып, аударыспақ ойынында қола жүлдені жеңіп алды. Денисов ауданының шабандоздарын бүгінгі жеңісімен құттықтаймыз!

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Recent Posts

Денисов ауданының өнерпазы он беске жуық күй шығарған

Денисов ауданында ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттап жүрген талантты өнерпаз, күйші-композитор Бекзат Ғазезов есімді…

2 дня ago

Денисов ауданында агросекторды цифрландыру қарқынды

Денисов ауданындағы «Арай Холдинг» ЖШС өндірісте ең соңғы жаңа технологиялық шешімдерді белсенді қолдануда. (далее…)

5 дней ago

«Нельзя ли сделать исключение?»: в Денисовском районе аксакал попросил акима области помочь с грантом для талантливых студенток

На встрече акима Костанайской области Кумара Аксакалова с населением Денисовского района, проходившей в Доме культуры…

3 недели ago

В Денисовском районе запустили смарт-ферму с жилыми капсулами

Представьте себе полевой стан, где вместо привычных вагончиков стоят футуристичные капсульные дома, работает Starlink, а…

3 недели ago

В Денисовском районе медики провели более двух с половиной тысяч подворных обходов в рамках борьбы с вредными привычками

Масштабная информационно-разъяснительная работа направленная на профилактику алкоголизма, табакокурения и формирование здорового образа жизни продолажется. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.