Денисов ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағының кезекті маусымы аяқталды

Денисов ауданында еңбек жасағының биылғы маусымында 73 жас еңбек етті.

Олар саябақтар мен қоғамдық орындар аумағын тазартып, қоқыс жинап, арап шөп жұлып, жасыл желекті күтіп-баптаумен айналысты. Аумақты көгалдандыру және абаттандыру ісімен шұғылданды.

«Жасыл ел» жасағының жазғы маусымда атқарған жұмысы туралы жуырда Денисов ауданының әкімі Руслан Қатпаевтың төрағалығымен өткен Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Басқосуда «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Татьяна Алпысбаева баяндама жасап, «Жасыл ел» жобасының 2025 жылы жүзеге асуына тоқталды.

–  Еңбек жасағына 14 пен 25 жас аралығындағы қыз-жігіттер қабылданды. Негізгі қатысушылар қатарын 14 пен 18-дегі жасөспірімдер мен жастар құрады. Ең аз қатысушылар 18-25 жас аралығындағы азаматтарды қамтыды. Біздің жастар үшін «Жасыл ел» еңбек жасағы жазғы мезгілде табыс табудың таптырмас мүмкіндігіне айналды. «Жауынгерлер» алғашқы еңбек тәжірибелерін жинақтап, туған өлкемізді дамытуға өз үлестерін қосты,-деді «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Татьяна Алпысбаева.

Жобаны жүзеге асыруға 10 ауылдық округ қатысты. Олар: Аршалыда – 2 жауынгер, Тельман – 9, Приречен – 4, Архангелск – 4, Перелески – 2, Аят – 2, Свердлов – 5, Покров – 2, Красноармейский – 3, Денисовта – 42 жауынгер. «Жасыл елдіктерге» төленген еңбек ақының жалпы құны барлық төлемдерді қос алғанда 6 823 639 теңгені құрады.

– Жоба «жауынгерлері» тиісті құралдармен қамтылды. Оларға «Жасыл ел» логотипі салынған бас киімдер мен футболкалар берілді. Алға қойылған мақсатты түбегейлі орындау үшін қажетті сыпыр, күрек, тырмауыш сияқты еңбекке заттары үлестірілді. Жасақ мүшелері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты. Осылайша биылғы маусымды табысты аяқтап отыр. Бұл жоба кең сұранысқа ие және  жастар бастамаларының озық үлгісі ретінде әрі қарай жалғасын табады деген ойдамыз,-деді Татьяна Алпысбаева.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті Татьяна Алпысбаева жолдады.

Редактор

Recent Posts

В Денисовском районе активно создаются условия для трудовой занятости молодежи

На днях под председательством акима района Руслана Катпаева прошло заседание совета по делам молодежи, где…

1 день ago

Денисов ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағының кезекті маусымы аяқталды

Денисов ауданында еңбек жасағының биылғы маусымында 73 жас еңбек етті.   (далее…)

1 день ago

В селе Гришенка Денисовского района появился стабильный 4G-интернет

В рамках реализации программы развития сельских территорий и по поручению акима области Кумара Аксакалова, в…

5 дней ago

Денисов тұрғыны Зарина Жанпиисова «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіп ашты

Ол «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 400 АЕК көлемінде грант ұтып алды. Қысқа мерзімдік курсты оқып,…

1 неделя ago

Денисов тұрғыны Марат Жалғасов «Сыбаға» бағдарламасымен мал басын көбейтуде

Ол 2021 жылы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасымен 30 млн теңге несие рәсімдеп, 52 сиыр, үш бұқа…

3 недели ago

В селе Глебовка Денисовского района подключат 155 абонентов к централизованному водоснабжению

В селе реализуется масштабный проект строительства распределительных систем водоснабжения. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.