Денисов даласы дәл қазіргі уақытта құмырсқаның илеуіндей қызу тірлікке кіріскен.Барлығы жүз шаруа қожалығы шабындыққа орақ салды. Науқандық жұмысқа 300-ден астам техника жұмылдырылды. Соның ішінде трактор, прицепт және шөп бұрғыш бар. Бүгінде ауылдық округтердің шаруалары 51 мыңнан астам гектар шөп шапқан. Қысқа сақтау қорына 40,5 мың тонна жем-шөп жеткізілді. Бұл дегеніміз қажетті мал азығының 82,2 %-і дайын дегенді білдіреді. Соның ішінде 16,8 тоннасы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қажетіне, 18,2 тоннасы тұрғындардың ауласына түсірілді. Негізінде, аудан халқына 47 мың тонна жем-шөп қажет.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Владислав Рагуляның айтуынша, былтыр шөп бағасы еркін саудада 20-25 мыңнан саудаланыпты. Кәсіпорын жұмысшыларына 15 мыңнан және зейнеткерлерге де дәл сол бағада ұсынылған.
Биыл шөптің шығымы жоғары. Орташа өнімділікке тоқталсақ, әр гектарынан 8,3 центнер көлемінде шөп шабылуда. Ал былтыр 7-8 центнердің айналасында болған. Бүгінде жергілікті шаруалардың алды науқанды табысты аяқтап, қаһарлы қысқа тастүйін дайын отыр. Қалған жұмысты шілде айының соңына қарай аяқтамақ.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті жолдаған «Ольшанское» ЖШС ұжымы.
Завершены плановые взрывные работы на реке Тобол в районе села Алчановка. (далее…)
В Денисовском районе день голосования проходит в атмосфере весеннего обновления и национальных традиций. (далее…)
В Денисовском районе всё чаще звучат инициативы, идущие от самой молодёжи. (далее…)
Иногда большие и очень важные дела начинаются с простого сообщения в соседском чате. (далее…)
Бүгін, 6-наурызда Итальяның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XIV қысқы паралимпиада ойындары басталады. (далее…)
Есть профессии, о которых говорят с особым уважением. Акушерка - одна из них. Именно её…
This website uses cookies.