Денисов ауданында экологиялық туризм трендке айналуда

Табиғат аясына саяхат жасап, қоршаған ортаны қорғауды мақсат еткен – экотуризм бағыты Денисов ауданында дамуда. Осы бағытта «Шаңырақ» демалыс базасы ашылып, тұрғындар игілігіне қызмет етуде.

Мемлекеттік қолдау арқылы кәсібін кеңейткен азаматтардың бірі Александр Кузменко. Жеке кәсіпкер «Даму» қорының қолдауымен туристік бағыттағы «Шаңырақ» демалыс базасын ашты. Жобаның жалпы құны 500 млн теңге. Бүгінде база жұмыс істеп тұр және он адамды тұрақты жұмыспен қамтуда.

– Демалыс базасында алты «Рыбацкая деревня» үйі, жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелер, демалатын бөлмелер, асхана, сегіз  гриль-аумағы, 5500 шаршы метрлік екі жағажай, «Компас» аумағы, қоғамдық дәретхана салынды.  Катамаран жалға беру қызметі бар. Биылдыққа «Шаңырақ» базасына бес мыңнан астам адам келіп демалды,-деді демалыс базасының директоры Александр Кузьменко.

Аталмыш демалыс орны Рудный-Қарабұтақ трассасының 148-ші шақырымында Жоғары Тобыл су қоймасында орналасқан. Бұл жерде жазда суға шомылып, қыста балық аулауға болады. Денисов тұрғындарымен қатар жақын маңдағы аудан, қалалардың адамдары да осында келіп демалыс күндерін қызықты өткізіп жүр. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов былтыр жазда «Шаңырақ» базасына келгенде өте жоғары баға берген еді. «Нысандар дәл осындай болу керек. Бұл жерде бәрі жоғары деңгейде жасалған» деп «Шаңырақты» үлгі еткен-ді.

Биылғы жылдың 1-маусымындағы дерек бойынша Денисов ауданында 773 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Ал былтыр 755 кәсіп иесі бартын.  Оның 180-і жас кәсіпкер. Яғни, жалпы кәсіпкерлердің 23,4%-і жастар. Бұл өте тамаша көрсеткіш.

2024 жылы субсидиялау бағдарламасы аясында жеті жоба мемлекеттік қолдауға ие болды.  77 адам «Бастау-Бизнес» бағдарламасымен оқып, кәсіпкерліктің қыр-сырымен танысты,-деді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Дәулет Алпысов.

Денисов ауданында кәсіп бастауға ынталы жастардың көбейіп келе жатқаны қуантады. Бизнес дамыса жаңадан жұмыс орындары ашылып, қазынаға түсетін салық көлемі де ұлғаяды. Сондықтан, шағын және орта бизнеске көптеген мемлекеттік қолдаулар жасалуда.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті жолдаған Александр Кузьменко.

Редактор

Recent Posts

Денисов құрама командасы облыстық «Жайдарман» ойынының чемпионы атанды

Соңғы уақыттары Денисов ауданының жастары өнер-білім және спорт сайыстарында белсенділігімен көзге түсіп жүр. (далее…)

5 дней ago

Уроженец района Беимбета Майлина Аян Утетлеев завоевал серебро чемпионата мира

Спортивная жизнь района стала богаче ещё одним ярким достижением. (далее…)

6 дней ago

Денисов ауданында мыңнан аса тұрғын «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысуда

Биыл Денисов ауданында 1227 тұрғын «Кітап оқитын ұлт» жобасына тіркеліп, қатысуда. (далее…)

1 неделя ago

В 2025 году Денисовский район привлек порядка 7,3 млн тенге инвестиций

В районе ведётся системная работа по привлечению инвестиций в различные отрасли экономики. (далее…)

1 неделя ago

Денисов ауданында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына өтінімдер қабылдануда

Аудандық Мансап орталығының хабарлауынша, жыл басынан бері 12 адам «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмыспен…

1 неделя ago

В Денисовском районе пресечён канал поставки нелегального алкоголя и табака

Сотрудниками Управления государственных доходов по Денисовскому району 21 октября 2025 года проведено рейдовое мероприятие по…

4 недели ago

This website uses cookies.