Денисов ауданында интернет алаяқтығы азайды

Денисов ауданында биыл интернет алаяқтарына алдану фактілері былтырғыдан азайған. Бұл туралы аудандық полиция бөлімі хабарлады

Осы жылдың сегіз айының қорытындысында Денисов аудандық полиция бөлімінде интернет алаяқтығына қатысты 11 дерек тіркеліпті. Ал былтыр 14 жағдай анықталған-ды. Құзырлы органдардың бірлескен іс-қимылы мен тұрақты профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде киберқылмыс деңгейі біртіндеп азаю үстінде.

2026 жылы интернет алаяқтығына қатысты азаматтардың жалпы қаржылық шығыны – 38 678 581 теңгені құрады. 2025 жылы – 50 555 118 теңгеге жеткен.

– Онлайн алаяқтықты азайту және қаржылық шығындардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері халық арасында кең көлемді ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Адамдар көп жиналатын орындарда, дүкендерде, ұйымдар мен мекемелерде, сондай-ақ тұрғын үйлерді аралау арқылы сақтану шараларын хабарлауда. Біздің қызметкерлер ауылдық округтерге барып, әрбір тұрғынға интернет-алаяқтықтың түрлері мен оларды жасау тәсілдері туралы буклеттер ұсынуда.  Патрульдік көліктер аудан орталығының көшелерінде және көпшілік жиналатын жерлерде дауыс зорайтқыш жүйелері арқылы алдын алу сипатындағы аудиохабарламаларды таратады»,-деп толықтырды Қылмыстық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция капитаны Таймас Астаев.

Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі күмәнді сілтемелер де назарда. Осы бағыттағы заңсыздықтарды анықтау үшін «Кибернадзор» жүйесі арқылы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілуде.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттер аудандық полиция бөлімінен алынды

Редактор

Recent Posts

Школьники Денисовского района выступили на областном форуме «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!»

Формирование правового государства и воспитание ответственных, активных граждан — стратегические ориентиры, о которых неоднократно подчеркивает…

13 минут ago

Денисов ауданының параспортшысы Азия Пара ойындарына қатысуда

Денисов ауданының параспортшысы Светлана Иржанова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының…

20 минут ago

Денисовский район снова выходит покорять областную хоккейную арену

В Костанайской области начался пятый сезон Костанайской любительской хоккейной лиги (КЛХЛ). (далее…)

22 часа ago

Рамиль Фатыхов из села Перелески играет главную роль в сериале «Перваш»

История успеха у каждого своя, но самые вдохновляющие сюжеты всегда рождаются там, где сочетаются верность…

2 дня ago

Денисовтық балақай республикалық жарыстан олжалы оралды

№3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің шәкірті Мағжан Асқар болашағынан зор үміт күттіретін спортшы жас.…

4 дня ago

Денисов ауданында медицина салысы жаңғыруда

Денисов ауданында медицина ұйымдарының техникалық-материалдық базасын нығайту жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі халықпен есептік кездесуінде…

4 дня ago

This website uses cookies.