Денисов ауданында асық ату мен бес асықтан облыстық чемпионат өтті

Жуырда Денисов ауданында ұлтты спорт түрлерінен ауқымды жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. Оған 2016-2018 жылдары туған жасөспірімдер қатысты.

2011 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келе жатқан сайыс жасөспірімдер арасында ұлттық спортты насихаттауды мақсат тұтқан. Осы уақытқа дейін қаншама жас шеберліктерін шыңдап, асық ойыны туралы жан-жақты мағлұмат алды.  Дәстүрге айналған чемпионатқа биыл 42 бала келді. Тартысқа толы дода 30 ұл мен 12 қыздың арасында өтті.  Ұлдар арасындағы бәсекеге «Қостанай облысының асық ату» федерациясының президенті Кәрішал Кәкашев төрелік жасады. Ал қыздар арасында әлем чемпионы Жанар Сұлтанова қазылық етті. Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары мен Науырзым, Меңдіқара, Денисов және Қостанай аудандарынан келген спортшылардың қай-қайсысы болмасын жеңімпаз атануға лайықты. Әсіресе Рудный мен Меңдіқараның балалары үздік нәтиже көрсетті.

«Спортшылардың дайындығы жақсы. Біздің жастар республикалық жарыста жүлдеге ілігеді деген үмітіміз бар. Чемпионаттың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өткен жөн» – деді чемпионаттың бас төрешісі Кәрішал Кәкашев.

Облыстық чемпионаттың нәтижесі төменде.

Асық атудан қыздар арасында:

1-орын Арайлым Базарбаева Рудный қаласы)

2-орын Тойлыбай Назым (Рудный қаласы)

3-орын Атымтай Тоғжан (Меңдіқара ауданы)

Асық атудан ұлдар арасында:

1-орын Атымтай Жандарбек (Меңдіқара ауданы)

2-орын Сиезов Сұлтан (Рудный қаласы)

3-орын Байдәулет Жандос (Меңдіқара ауданы)

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді аудандық спорт бөлімі жолдады.

Редактор

Recent Posts

Школьники Денисовского района выступили на областном форуме «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!»

Формирование правового государства и воспитание ответственных, активных граждан — стратегические ориентиры, о которых неоднократно подчеркивает…

4 дня ago

Денисов ауданының параспортшысы Азия Пара ойындарына қатысуда

Денисов ауданының параспортшысы Светлана Иржанова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының…

4 дня ago

Денисовский район снова выходит покорять областную хоккейную арену

В Костанайской области начался пятый сезон Костанайской любительской хоккейной лиги (КЛХЛ). (далее…)

5 дней ago

Рамиль Фатыхов из села Перелески играет главную роль в сериале «Перваш»

История успеха у каждого своя, но самые вдохновляющие сюжеты всегда рождаются там, где сочетаются верность…

6 дней ago

Денисовтық балақай республикалық жарыстан олжалы оралды

№3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің шәкірті Мағжан Асқар болашағынан зор үміт күттіретін спортшы жас.…

1 неделя ago

Денисов ауданында медицина салысы жаңғыруда

Денисов ауданында медицина ұйымдарының техникалық-материалдық базасын нығайту жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі халықпен есептік кездесуінде…

1 неделя ago

This website uses cookies.