Қарасулық жігіт әскери институттың грантына ие болды

Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген Қарасу ауданы Железнодорожный ауылының тұрғыны Тамерлан Бейсембаев үлгілі тәртібі мен жоғары әскери дайындығының арқасында институтта тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.

Тамерлан Бейсембаев 2024 жылдың 25-желтоқсанында өз еркімен аудандық әскери комиссариатқа барып, Отан алдындағы азаматтық парызын өтеуге ниет білдірген. Сол кезде жас жігіттің бұл қылығы көпшілікті сүйсіндірген-ді.

– Мен ер-азамат ретінде Отан алдындағы қадірлі парызымды өтегім келді. Жүрек қалауыммен шешім қабылдап, әскерге аттануға бел байладым. Бұл қадамға мені ешкім мәжбүрлеген жоқ. Медициналық комиссиядан өткен соң құжаттарымды рәсімдеп, мені Теміртау қаласындағы №5516 әскери бөліміне шақырды. Сол сәттен бастап өмірімнің жаңа парағы ашылды. Осылайша, мен сарбаз атандым. Әскери өмірге бірден үйренісіп, ілесіп кету оңай емес. Кейде қиындығы сезіледі. Бірақ мен ешқашан өз таңдауыма өкінген емеспін. Әскери парызымды өтей жүріп, өзімді жақсы жағынан көрсете білдім. Менің ынта-жігерім жоғары бағаланып, Алматыдағы әскери институтта тегін оқуға жолдама берді,-дейді сарбаз.

Жас жігітке әскердегі үлгілі тәртібі мен қарым-қабілеті ескеріліп, Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскерлерінің әскери институтына оқуға түсуге грант сертификаты табысталыпты. Бұл қолдау сарбазды қанаттандырып, әскердегі қызметін мүлтіксіз жалғастыруға күш бергені анық.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Recent Posts

Школьники Денисовского района выступили на областном форуме «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!»

Формирование правового государства и воспитание ответственных, активных граждан — стратегические ориентиры, о которых неоднократно подчеркивает…

4 дня ago

Денисов ауданының параспортшысы Азия Пара ойындарына қатысуда

Денисов ауданының параспортшысы Светлана Иржанова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының…

4 дня ago

Денисовский район снова выходит покорять областную хоккейную арену

В Костанайской области начался пятый сезон Костанайской любительской хоккейной лиги (КЛХЛ). (далее…)

5 дней ago

Рамиль Фатыхов из села Перелески играет главную роль в сериале «Перваш»

История успеха у каждого своя, но самые вдохновляющие сюжеты всегда рождаются там, где сочетаются верность…

6 дней ago

Денисовтық балақай республикалық жарыстан олжалы оралды

№3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің шәкірті Мағжан Асқар болашағынан зор үміт күттіретін спортшы жас.…

1 неделя ago

Денисов ауданында медицина салысы жаңғыруда

Денисов ауданында медицина ұйымдарының техникалық-материалдық базасын нығайту жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі халықпен есептік кездесуінде…

1 неделя ago

This website uses cookies.