
Денисовта алғашқы мурал салынды
Жуырда Денисов ауданының орталығында алғашқы мурал пайда болды. Ұлттық нақышта киінген қазақ қызының бейнесі орталық алаңдағы екі қабатты ғимараттың қасбетіне салынған.
Тапсырыс беруші Денисов ауылдық округі әкімдігінің аппараты. Өнер туындысының авторы «КДК» ЖШС . Мердігер ұйым түрлі-түсті бояудың көмегімен еркін тақырыптағы көркем пішінді қабырғаға салып шықты. Оған қасбетке арналған бояу, су эмульсиясы, акрил құтылар және екі түрлі бояу қолданылған. Муралдың жалпы ауданы 144 шаршы метрді құрайды. Келісім-шарт бойынша жоба құны 700 мың теңге.
«Келісім-шартқа қол қойған сәттен бастап он бес күннің ішінде аталған жұмыс жүзеге асты. Мердігер муралды уақытында салып, аяқтап бітірді. Өнер туындысы орталық алаңның ажарын ашып, ғимараттың қасбетіне сән беріп тұр. Ғимараттардың сыртқы келбетін жаңғыртып, ауылды абаттандыру жұмыстары әрі қарай жалғасады»,-деді Денисов ауылдық округінің әкімі Мұса Утралинов.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген – Жанель ҚҰТТЫБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31