Денисов тарихи-өлкетану музейінің жәдігерлері сыр шертеді

Мезгіл өте келе кешегі күннің естеліктері тарих қойнауына еніп, уақыт сырғыған сайын құнды жәдігерге айналады. Өткен шақтан сыр шертетін бағалы жәдігерлердің бір парасы Денисов тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұр.

Музей қорында туған өлкеміздің тарихына қатысты көптеген заттар мен дерек-дәйектер бар. Соның бірі – суреттегі мұрағатшы Айгүл Сәрсекееваның қолындағы саздан жасалған тостаған. Бір қарағанда, оны қарапайым ыдыс дерсіз. Алайда жәдігердің тарихы сонау Екінші дүниежүзілік соғыстың уақытымен тығыз байланысты.

-1939 жылы Петровка ауылының аумағында қыш ыдыстар шығаратын зауыт болған. Ол жерде сазды тостағандар, шыныаяқтар, кіреңкелер, құмыралар, ысқырықтар жасалған. Петровкалық зауыттан шыққан тұрмыстық заттар жоғары сапалы еді және ауданда өте танымал болды. Өндіріске қажетті балшық жақын жерден алынған. Карьерде ыдыс-аяқ жасау технологиясы күрделі болған деседі. Жабыстыру мен күйдіруден кейін ыдыс-аяқ боялып, глазурьмен жабылған. Суреттегі бұл табақ – осы өндірісте жасалған, бүгінгі күнге дейін сақталған жалғыз зат. Экспонатты музейге Ұлы Отан соғысы кезінде балшық зауытында жұмыс істеген жергілікті тұрғын Екатерина Битнер тапсырды,-дейді музей қызметкері Әлия Болатқызы.

Петровка ауылындағы саздан ыдыс жасау комбинаты 1930 жылы құрылған және Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жұмыс істеген. Комбинаттың бірнеше  цехы болған. Ол жерде жиырма шақты жұмыскер еңбек етіпті. Қазіргі күнге дейін сақталып, аман жеткен комбинаттың ыдыстары әлі күнге тұрмыста кәдеге асуда.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретте: Мұрағатшысы Айгүл Сәрсекеева көне жәдігерді таныстыруда.

Суретті түсірген Наталья Таран.

Редактор

Recent Posts

929 вызовов за год: как работает ОЧС Денисовского района

За сухими цифрами отчётности - сотни спасённых домов, предотвращённых трагедий и ежедневная работа, от которой…

3 дня ago

Денисов ауданы тұрақты даму жолында жаңа жетістіктерге жетті

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптен бастап инфрақұрылым және әлеуметтік салаға дейінгі…

6 дней ago

Активисты Денисовского района очистили от снега двор труженицы тыла

В рамках реализации Концепции развития экологической культуры «Таза Қазақстан» в селе Денисовка состоялась республиканская акция…

2 недели ago

Более 2900 саженцев и деревьев высадили в Денисовском районе в рамках акции «Таза Қазақстан»

Экологическая инициатива, выдвинутая Главой государства, широко реализуется на местном уровне. (далее…)

2 недели ago

В Денисовском районе системно ведётся работа по идентификации скота

В рамках поручения акима области продолжается планомерная работа по учёту и идентификации сельскохозяйственных животных. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.