Денисов тұрғыны Маргарита Николаенко қазақ тілін өз бетімен үйреніп алды

Денисов ауданының орталығындағы балалар кітапханасында жұмыс істейтін Маргарита Николаенко есімді кітапханашы бар. Ол қазақ тілінде тамаша сөйлейді. Ең қызығы, белорусь қызы мемлекеттік тілді өзінің қызығушылымен, өз бетінше үйреніп алыпты.

Маргарита Николаенко 1997 жылы Денисов ауылында туған. Балалық шағы Қырым селолық округіне қарасты Озерное ауылында өтіпті. Орта мектепті бітірген соң Қостанай педагогикалық колледжіне оқуға түсіп, мектепке дейінгі оқыту және тәрбие мамандығын меңгереді. Кәсіби білім алған соң қаладаға балабақшалардың біріне жұмысқа тұрады. Осылайша жас маманның еңбек жолы басталған.

Кейде адамның қалағаны бола бермейді. Тағдыр деген адамды ойламаған жерден басқа арнаға бұрып, жаңа ортаға жетелейді. Біздің Маргарита да күтпеген жерден жұмысын ауыстырып, кітапхана саласына бет бұрған. Бүгінде Денисов аудандық орталықтандырылған балалар кітанханасында еңбек етіп жүр.  Оның бойындағы ерекше қасиеттің бірі – мемлекеттік тілге деген құрметі.

– Оқушы кезімнен тіл үйренуге құштар болдым. Мемлекеттік тілді меңгеру үшін өз қалауыммен курстарға жазылдым. Сөйтіп жүріп қазақ тілін үйреніп алдым. Өйткені, кез келген адам өзінің туған тілімен қатар, өмір сүріп отырған елдің мемлекеттік тілін де білуі керек деп есептеймін.  Тілді меңгеруде әркім өзіне қолайлы әдіске сүйенеді. Мен үшін қазақ тілін үйрену ешқандай қиындық тудырмады. Ең бастысы, алдың нақты мақсат қойып, талпынсаң міндетті түрде нәтижесі болады, – дейді Маргарита Николаенко.

Қазақша сөйлейтін кейіпкеріміз ауданның бұқаралық мәдени іс-шараларына белсенді қатысады.  Мемлекеттік тілге қатысты облыстық, республикалық байқауларда бақ сынап, сертификаттар алған. Мәселен, 2022 жылы «Тіл шебері» облыстық сайысында Денисов ауданының намысын қорғап, үш тілді меңгерген өзге этнос өкілдері арасынан үздік шығып, алғыс хатпен марапатталды. 2023 жылы “Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы” республикалық байқауына Қостанай облысының атынан қатысып, алғыс хатқа ие болды. Мемлекетті тілді дамытуға қосқан үлесі үшін Денисов ауданы әкімінің алғыс хатын алған. Былтыр, 2024 жылы «Жас кітапханашы – 2024» облыстық байқауына қатысып, III орынға ие болды. Осылайша Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы басшысының қолынан арнайы диплом алды.

– Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің қарсаңында барша аудан тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын. Бұл жарқын мереке — еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің достығы мен татулығының нышаны. Денисов ауданы — түрлі ұлт өкілдерінің ортақ шаңырағы, ал біздің байлығымыз — көптүрлілігімізде. Әр шаңырақта бейбітшілік, түсіністік пен бақыт орнасын,­дейді қазақ тілін шебер меңгерген беларусь қызы Маргарита Николаенко.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Сурет кейіпкердің архивінен алынды.

Редактор

Recent Posts

Денисов ауданында жаңа жылдың алғашқы күндері 5 нәресте өмірге келді

Денисов ауданында жаңа жылдық мерекелер уақытында ешқандай оқыс оқиғалар тіркелмеді. (далее…)

2 дня ago

Денисовтық шебер жасаған қар мүсін Свердлов ауылына сән берді

Свердлов ауылындағы «Колос» - фирма кеңсесінің аумағына биылғы жылдың нышаны – жылқы мүсіні орнатылды. Асқан…

2 дня ago

В Денисовском районе стартовал новый сезон хоккейной лиги

Открытие хоккейной лиги сезона 2025–2026 годов на новой ледовой арене в Денисовке стало по-настоящему значимым…

1 неделя ago

Денисов ауданы Глебов ауылында қысқы байқау мәреге жетті

Глебов ауылында «Үздік жаңажылдық безендіру» байқауының қорытындысы шығарылды. Оған жеті адам қатысуға ниет білдірген. (далее…)

1 неделя ago

Депутат Мажилиса с рабочим визитом посетил Денисовский район

В Денисовский район с рабочим визитом прибыл заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан Альберт Павлович…

2 недели ago

Денисов ауданына Мәжіліс Төрағасының орынбасары келді

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Альберт Рау жұмыс сапарымен Денисов ауданына келді. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.