Денисов тұрғыны Марат Жалғасов «Сыбаға» бағдарламасымен мал басын көбейтуде

Ол 2021 жылы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасымен 30 млн теңге несие рәсімдеп, 52 сиыр, үш бұқа сатып алған. Тынымсыз еңбек пен дұрыс күтімнің арқасында мал басы еселенді.

Бүгінде Марат ағай ауылда мал шаруашылық базасын салып алған. Былтыр үй тұрғызды. Еңбекқор жан жем-шөпті де өзі дайындап, шаруашылықтың барлық жұмысын тиянақтылап отырады. Шалғай ауыл тұрғыны қазақтың ақбас сиырын өсіріп, бағып, көбейтуде.

-Биыл ет бағасы көтеріліп, шаруалардың еңбегі ақталуда. Бұған дейін алып сатарлар бізден малды арзанға алатын. Соңғы уақыттары ірі қара етінің құны өсіп, еңбек адамдарына жақсы пайдасын тигізуде. Наурыз-сәуір айларынан бастап малды далаға шығарамын. Қараша-желтоқсан айларында қайтадан қолға ұстаймын. Қыста малшылар аламын. Жазда өзім бағамын. Екі ұлым бар. Екеуі де Ресейге барып-келіп, ауысыммен жұмыс істейді. Демалыс уақыттарында үйге келіп, көмектеседі. Жітіқарада тұратын інім бар. Ол да келіп жәрдемдеседі,-деді Марат Жалғасов.

Шаруа биыл шөп шабу науқанын ойдағыдай аяқтапты. 130 тоннадай шөп түсірген.  Мал азығын дайындаудың өзі қажырлы еңбек пен күшті талап етеді. Шаруаның шашауын шығармай, адал еңбекпен несібесін тауып жүрген азамат қаншама адамға үлгілі ой салады.

Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңінде совхоз, колхоздар жабылып, алыс ауылдардың халқы қалаға үдере көшкені белгілі. Мінекей, сол кезде біздің кейіпкеріміз көппен бірге Лисаков жағына қарай қоныс аударады. Алайда, туған жерге деген сағынышы уақыт өткен сайын үдей түседі. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген өсиет бар қазақта. Бабадан қалған асыл сөз азаматтың көкейіне ой салып, туған жерге қайта айналып келуге итерлейді. Ол жиырма бес жылдай Лисаков қаласында тұрып, 2004 жылы туған жері Имановқа оралады.

-Иманов – менің ата қонысым. Ата-бабамның зираты осында. Қалада жүріп ауылды сағындым. Содан туған жерге қайтадан келуге бел байладым. Несие алған соң бірден мал ұстайтын база салдым. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, бәрі қалпына келе жатыр,-деді Марат Жалғасов.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Сурет Денисов ауданы әкімдігінің инстаграм парақшасынан алынды.

Суретте Марат Жалғасов еңбекқор шаруа

Редактор

Recent Posts

Денисов ауданында жаңа жылдың алғашқы күндері 5 нәресте өмірге келді

Денисов ауданында жаңа жылдық мерекелер уақытында ешқандай оқыс оқиғалар тіркелмеді. (далее…)

1 день ago

Денисовтық шебер жасаған қар мүсін Свердлов ауылына сән берді

Свердлов ауылындағы «Колос» - фирма кеңсесінің аумағына биылғы жылдың нышаны – жылқы мүсіні орнатылды. Асқан…

2 дня ago

В Денисовском районе стартовал новый сезон хоккейной лиги

Открытие хоккейной лиги сезона 2025–2026 годов на новой ледовой арене в Денисовке стало по-настоящему значимым…

1 неделя ago

Денисов ауданы Глебов ауылында қысқы байқау мәреге жетті

Глебов ауылында «Үздік жаңажылдық безендіру» байқауының қорытындысы шығарылды. Оған жеті адам қатысуға ниет білдірген. (далее…)

1 неделя ago

Депутат Мажилиса с рабочим визитом посетил Денисовский район

В Денисовский район с рабочим визитом прибыл заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан Альберт Павлович…

2 недели ago

Денисов ауданына Мәжіліс Төрағасының орынбасары келді

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Альберт Рау жұмыс сапарымен Денисов ауданына келді. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.