Денисов құрама командасы облыстық «Жайдарман» ойынының чемпионы атанды

Соңғы уақыттары Денисов ауданының жастары өнер-білім және спорт сайыстарында белсенділігімен көзге түсіп жүр.

Жуырда тағы бір қуанышты жаңалықтың куәсі болдық. Ауданның әзілқой жастары облыстық «Жайдарман» ойынының бас жүлдесін жеңіп алды.

Жақында облыстық сайыстың кезекті маусымы аяқталған еді. Сол додада ауданымыздың жастары ерекше шығармашылық тапқырлығымен көзге түсті. Денисов құрама командасы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, «Super» лиганың Super чемпионы атанды. Жобаға әу баста 22 құрама қатысты. Әр кезең сайын үздіктер іріктеліп, финалда мықты 2 команда бас жүлдеге таласты. Қорытынды есепте Денисов жастарының бағы жанды.
Маусым қорытындысында:

1-орын және 500 000 теңге иегері – Денисов құрамасы, Денисов ауданы;

2-орын және 300 000 теңге иегері – QA, Қостанай гуманитарлық колледжі;

3-орын және 200 000 теңге иегері – Алтай құрамасы, Алтай қ. мен Позитив, А. Байтұрсынұлы атындағы Қосстанай өңірлік университеті атанды. «QA» командасының ойыншысы Балым Айбекқызы «Үздік ойыншы» атанып, 50 000 теңгелік ақшалай сыйақыға ие болды.
Облыстық Жайдарман тарихындағы 18-ші чемпион келесі жылы Чемпиондар лигасында өнер көрсетпек.

– Біздің команда 2024 жылдың қазан айынан бастап құрылды. Сол уақыттан бері Жітіқара, Денисов, Аманкелді аудандары мен Арқалық қаласында өткен Жайдарман, КВН ойындарына қатысып келеміз. Бақ сынап қана қоймай жүлделі орындарға да ие болдық. Биылғы Жайдарманда маусым бойы ойнап, чемпион атандық. Әзіл-сықақ сайысы тартысқа толы, қызықты өтті. Командалардың бәрі жоғары дайындықпен келіп, тамаша өнер көрсетті. Біздің ендігі мақсатымыз Астана қаласында болатын республикалық кезеңде Қостанай облысының намысын лайықты қорғау, – деді Денисов құрамасының капитаны Азамат Жолдықан.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттер «Жайдарман» ойыны ұйымдастырушыларынан алынды.

Редактор

Recent Posts

929 вызовов за год: как работает ОЧС Денисовского района

За сухими цифрами отчётности - сотни спасённых домов, предотвращённых трагедий и ежедневная работа, от которой…

2 дня ago

Денисов ауданы тұрақты даму жолында жаңа жетістіктерге жетті

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптен бастап инфрақұрылым және әлеуметтік салаға дейінгі…

6 дней ago

Активисты Денисовского района очистили от снега двор труженицы тыла

В рамках реализации Концепции развития экологической культуры «Таза Қазақстан» в селе Денисовка состоялась республиканская акция…

2 недели ago

Более 2900 саженцев и деревьев высадили в Денисовском районе в рамках акции «Таза Қазақстан»

Экологическая инициатива, выдвинутая Главой государства, широко реализуется на местном уровне. (далее…)

2 недели ago

В Денисовском районе системно ведётся работа по идентификации скота

В рамках поручения акима области продолжается планомерная работа по учёту и идентификации сельскохозяйственных животных. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.