Денисов мектептеріне былтыр 320 цифрлық камералар орнатылды

Денисов ауданың аумағындағы барлық білім беру ұйымдары заманауи үлгідегі бейнебақылау камераларымен жабдықталды.

Барлығы 723 камера орнатылыпты. Соның 403-і аналогты бейнекамера. 2025 жылы бақылау техникалары 320 цифрлық бейнекамерамен толықты. Осылайша мектептердегі қауіпсіздік шаралары күшейе түсті.

«Он бір білім беру ұйымы жедел басқару орталығына қосылған. Олар Аят жалпы білім беретін мектебі, Фрунзе жалпы білім беретін мектебі, Глебов жалпы білім беретін мектебі, Қырым жалпы білім беретін мектебі, Перелески жалпы білім беретін мектебі, №1 Денисов жалпы білім беретін мектебі, №2 Денисов жалпы білім беретін мектебі, №3 Денисов жалпы білім беретін мектебі, Свердлов жалпы білім беретін мектебі, Антонов негізгі орта мектебі, Балалар шығармашылық үйі, мектепке дейінгі үш ұйым» делінген Денисов ауданының білім бөлімі жолдаған деректе. Қалған 13 мектепте турникеттер орнатылыпты. Аудан орталығындағы екі балабақшада домофон жүйесі жұмыс істейді. Бұл игі іс те балғындардың қауіпсіздігі үшін қолға алынған. Автоматтандырылған өрт дабылы жүйесі жоғарыда аталған 29 білім беру нысаның бәрінде бар. 26 білім беру мекемесіне дабыл түймелері қойылды. Аудан орталығындағы үш мектеп, шығармашылық үйі және екі балабақшаға лицензияланған күзет қызметі енгізілген.

2025 жылғы 1-қазаннан бастап аудан мектептеріне жәбірлеудің алдын алуға бағытталған «ДосболLiKe» антибуллингтік бағдарламасы енгізілді. Оны жүзеге асыру шеңберінде 462 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылған, соның 364-і оқушыларға арналған сабақ және тренинг, 98-і ата-аналардың қатысуымен өткен. Сондай-ақ, Денисов ауданының мектептерінде «Код Актив: Жедел көмек бағдарламасы» іске қосылды. Ол QR код пайдалану арқылы анонимді ақпарат жіберуге негізделген. Бағдарлама буллингтің алдын алу және оқушыларға дер кезінде көмек көрсетуді көздейді. Қиындыққа тап болған әр оқушы өзінің жағдайын QR кодтың көмегімен құпия түрде баяндай алады. Аталған жаңашылдық №1 Денисов жалпы білім беретін мектебінде, №2 Денисов жалпы білім беретін мектебінде, Перелески жалпы білім беретін мектебінде, Фрунзе жалпы білім беретінде мектебінде, Антонов негізгі орта мектебінде енгізілген.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді түсірген – Валерий Канищев.

Редактор

Recent Posts

Жители села Набережное Денисовского района оказались отрезаны от внешнего мира

С наступлением теплых погодных услови дорогу к населенному пункту полностью затопило. По словам местных жителей,…

5 дней ago

Каникулы с пользой проходят для школьников Денисовского района

В селе Гришенка волонтёры провели очередную социальную акцию помощи, направленную на поддержку одинокопроживающих пожилых людей.…

1 неделя ago

В Денисовском районе проведены взрывные работы для предупреждения паводка

Завершены плановые взрывные работы на реке Тобол в районе села Алчановка. (далее…)

2 недели ago

Национальные костюмы и весеннее настроение объединили жителей Денисовского района в день Референдума

В Денисовском районе день голосования проходит в атмосфере весеннего обновления и национальных традиций. (далее…)

3 недели ago

Школьница из Денисовского района запустила проект «Обмен учениками»

В Денисовском районе всё чаще звучат инициативы, идущие от самой молодёжи. (далее…)

3 недели ago

В Денисовском районе неравнодушные жители помогли четырём семьям

Иногда большие и очень важные дела начинаются с простого сообщения в соседском чате. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.