Денисов диқандары 315,7 мың  гектарға түрлі дақыл септі

Денисов ауданында көктемгі егіс науқаны аяқталуға жақын қалды. Себілген астықтың басым бөлігі жоғары сапалы. Шаруалардың көпшілігі элиталық тұқым себуге басымдық беруде. Синоптиктер де биыл ауа-райы егінге қолайлы деп болжауда.

Аудан диқандары көктемгі егіс науқанын табысты аяқтап қалды. Егіс науқанының негізгі көрсеткіштерін Денисов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі жолдады.

– Биыл көктемгі егіс көлемі 315,7 мың гектарды құрады. Оның ішінде 239 мың гектарға дәнді және бұршақ дақылдары (бидай 190 мың га, мал азығы – 33,8 мың га, дәнді дақылдар 1,2 мың га, бұршақ дақылдары 14 мың га). Сондай-ақ 70 мың гектарға майлы дақылдар, 62,2 мың гектарға мал азығы егілді. 436 гектарға картоп,  0,010 гектарға көкөніс, 8 мың гектарға біржылдық мал азығы дақылдарын егу жоспарланды. Бүгінде аудан шаруаларды тиісті межені уақытымен орындап отыр,-деп хабарлады кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Владислав Рагуля.

Дала жұмыстарын тыңғылықты атқарған ұжымдардың бір Фрунзе ауылы. Мұндағы шаруалар биылғы егіс жұмыстарын ойдағыдай орындады. Әсіресе “Фрунзенское” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. ЖШС өндірістік қуаты жоғары техникалар сатып алып, кәсіпорынның қызметін жандандыра түсуде.

«Сәуір айында және мамырдың басында жауған жаңбыр дала төсіндегі диқандардың жұмысына кедергі келтіргені рас. Күн райының қолайсыздығынан егіс жұмыстарына кешеуілдеп кірісуге тура келді. Соған қарамастан “Фрунзенское” ЖШС науқанды уақытымен, сәтті аяқтады. Қазіргі таңда топырақтың құнарын қалпына келтіру әрі келесі жылға мол өнім алуға дайындау үшін бос қалған алқапқа күтім жасауда», – деп хабарлады Красноармейский ауылдық округінің әкімі Александр Хлебников.

Қазіргі уақытта Фрунзе ауылында жауын-шашын түсімі жақсы. Топырақта ылғал қоры жеткілікті.  Десек те, жер-ананың күзде қаншалықты өнім беретінін алдын ала болжау мүмкін емес. Өйткені, бәрі күн райына байланысты.

Егіс жұмыстарын дер кезінде тәмамдағандардың қатарында «Колос» ЖШС-ын да атап өткен жөн. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқарушысы Азамат Кушербаевқа хабарласып, ой-пікірін сұраған едік.

– 2026 жылғы егіс маусымы күрделі ауа-райы жағдайларымен және ұзақ жауын-шашынмен өтті. Дегенмен жоспарланған алқаптарта оңтайлы мерзімде дән себілді. Биыл соңғы үш маусымдағыдай, рекордтық жауын-шашын түсті. Бұл жоғары өнім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жауын-шашынның көп болуы топырақтағы ылғалды арттырып, егістік алқаптарында әртүрлі аурулардың таралуына жағдай туғызады. Сондықтан дала жұмыстарының барлық кезеңінде өсімдіктерді қорғау өте маңызды,-деп түсіндірді Азамат Кушербаев.

Қымбат ДОСЖАНОВА, сурет «Колос» ЖШС-нан алынды

Редактор

Recent Posts

Уроженец Свердловки больше двадцати лет охраняет государственную границу на родной земле

Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…

7 часов ago

Уроженец Свердловки больше двадцати лет охраняет государственную границу на родной земле

Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…

1 день ago

Школьники Денисовского района выступили на областном форуме «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!»

Формирование правового государства и воспитание ответственных, активных граждан — стратегические ориентиры, о которых неоднократно подчеркивает…

1 неделя ago

Денисов ауданының параспортшысы Азия Пара ойындарына қатысуда

Денисов ауданының параспортшысы Светлана Иржанова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының…

1 неделя ago

Денисовский район снова выходит покорять областную хоккейную арену

В Костанайской области начался пятый сезон Костанайской любительской хоккейной лиги (КЛХЛ). (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.