
Денисов ауданының Қырым ауылында жол учаскелері жаңаруда
Облыс әкімінің елді-мекендерді абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына орай, Қырым-Перелески тас жолының учаскесінде шұңқырлар бітелді.
Қырым және Перелески елді мекендері арасындағы автожолдың зақымдалған учаскелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жолдың ең проблемалы аймақтары жөнделді. Бұл қадам – жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлік жүргізушілеріне жайлылық сыйлайды. Тұрғындардың өмір сапасын арттыру үшін ауыл ішін жарықтандыруға да көңіл бөлінуде. Мұнда екі жыл бұрын жаңа жарық шамдар орнатылған еді. Биыл аталған жұмыс жалғасын табуда.

– Биыл көшедегі жарық шамдарды жаңарту жұмыстары жүргізілді. Түнгі мезгілде көшенің қауіпсіз және жарық болуын қамтамасыз етпек. Жұмыстан үйге қайтарда айнала самаладай жарық болып тұрады. Ауыл тұрғындары да ризашылықтарын білдіріп жатыр,-деді Қырым ауылы әкімдігінің бас маманы Сәуле Салкимбаева.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті жолдаған Сәуле САЛКИМБАЕВА.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31