Денисов ауданының оқушысы Қонаевта өткен тоғызқұмалақ сайысында топ жарды

Денисов ауданындағы Глебов жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Бекзат Құсаев Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагеріндегі іс-шараларға белсене қатысып, тоғызқұмалақтан жекелей жарыста 1-орынға ие болды.

Қуанышты жаңалықты Бекзат білім алып жатқан мектептің ұжымы хабарды. Оқушы Глебов ауылында тұрады және сол жердегі мектепте оқиды. Оның білімге деген ынтасы 1-сыныптан бастап байқалыпты. Аудандық, облыстық пән олимпиадаларына қатысып, түрлі интеллектуалдық байқауларда бақ сынаған. Мектеп өміріне белсенді араласып, спорт саласында жоғары нәтиже көрсетуде. 2025 жылы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысқаны үшін аудан әкімі Руслан Қатпаевтың алғыс хатымен марапатталыпты. Сонымен қатар тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан аудандық жарыстардың жүлдегері. Ауыл мектептері арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың былтырғы облыстық кезеңінде Бекзат географиядан 3-орын алды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тақырыбы бойынша аудандық зияткерлік ойынында 2-орынға ие болды.

Бекзат Құсаев – мақсаты айқын, жалынды жас. Ол спорт мен білімді ұштастыра білген оқушы. Бос уақытында спортпен шұғылданғанды жақсы көреді. Шаңғы үйірмесіне қатысып, тұрақты шынығып отырады. Оның жеңіске деген ұмтылысы мен еңбекқорлығы жоғары нәтиже беруде. Бекзат жоғары ұйымдастырушылық қабілеті бар, жауапкершілігі мол, көмек беруге дайын тұратын елгезек бала. Ол бойындағы осынау қасиеттерімен қатарластарына үлгі және біздің мектебіміздің мақтанышы, үкілеген үмітіміз,-деді Глебов жалпы білім беретін мектебінің директоры Рахат Бужумов.

Бозбаланың оқудағы жоғары нәтижелері, спорт пен шығармашылықтағы жетістіктері, көшбасшылық қабілеті ескеріле келе Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру лагеріне жіберіліпті. Жаңа орта Бекзатқа шығармашылық шабыт,  ерекше әсер сыйлайды деген сенімде ұстаздары.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті мектеп әкімшілігі жолдады.

Редактор

Recent Posts

Уроженец Свердловки больше двадцати лет охраняет государственную границу на родной земле

Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…

9 часов ago

Уроженец Свердловки больше двадцати лет охраняет государственную границу на родной земле

Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…

1 день ago

Школьники Денисовского района выступили на областном форуме «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!»

Формирование правового государства и воспитание ответственных, активных граждан — стратегические ориентиры, о которых неоднократно подчеркивает…

1 неделя ago

Денисов ауданының параспортшысы Азия Пара ойындарына қатысуда

Денисов ауданының параспортшысы Светлана Иржанова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының…

1 неделя ago

Денисовский район снова выходит покорять областную хоккейную арену

В Костанайской области начался пятый сезон Костанайской любительской хоккейной лиги (КЛХЛ). (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.