Денисов ауданының Әйет ауылында асфальт төселді

«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Әйет ауылында ішкі көшелердің жолдары жөнделді.

Жаңадан асфальт төселіп, жоспарлы жұмыс аяқталды. Бүгінде жол жиегін және айналасын тәртіпке келтіру сияқты ірілі-ұсақты шаруалар қалып отыр.

Ауыл ішіндегі Степная және Клубная көшелерін қалыпқа келтіру ісі биылғы мамыр айында басталған болатын. Ұзақ жыл тұрғындарға қызмет етіп келе жатқан автокөлік жолы тозығы жетіп, жаңартуға сұранып тұрғалы қашан. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін орташа жөндеу қолға алынды. Аталған мақсатқа 134 212 976 теңге қарастырылған. Сонымен қатар Зааят елді мекенінде автобус аялдамасы қайта қалпына келтірілді. Аталған аялдама да ертеректе орнатылған. Уақыт өте сыртқы келбеті ескіріп, ұсқыны кете бастады. Жергілікті әкімдік нысанның сыртын әктеп, сырлап, айналасын тазартып қойды. Нәтижесінде аялдама заманауи кейіпке енді.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Денисов ауданының бес ауылында ішкі көшелер жөнделеді деп жоспарланған. Кейбір жол учаскелеріндегі жұмыс аяқталып, көпшіліктің қолданысына берілді. Осы мақсатқа  504 млн теңге қарастырылған.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретте: Әйет ауылында төселген асфальт

Сурет Әйет ауылдық әкімдігінен алынды.

Редактор

Recent Posts

929 вызовов за год: как работает ОЧС Денисовского района

За сухими цифрами отчётности - сотни спасённых домов, предотвращённых трагедий и ежедневная работа, от которой…

3 дня ago

Денисов ауданы тұрақты даму жолында жаңа жетістіктерге жетті

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптен бастап инфрақұрылым және әлеуметтік салаға дейінгі…

7 дней ago

Активисты Денисовского района очистили от снега двор труженицы тыла

В рамках реализации Концепции развития экологической культуры «Таза Қазақстан» в селе Денисовка состоялась республиканская акция…

2 недели ago

Более 2900 саженцев и деревьев высадили в Денисовском районе в рамках акции «Таза Қазақстан»

Экологическая инициатива, выдвинутая Главой государства, широко реализуется на местном уровне. (далее…)

2 недели ago

В Денисовском районе системно ведётся работа по идентификации скота

В рамках поручения акима области продолжается планомерная работа по учёту и идентификации сельскохозяйственных животных. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.