
Денисов ауданының Әйет ауылында асфальт төселді
«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Әйет ауылында ішкі көшелердің жолдары жөнделді.
Жаңадан асфальт төселіп, жоспарлы жұмыс аяқталды. Бүгінде жол жиегін және айналасын тәртіпке келтіру сияқты ірілі-ұсақты шаруалар қалып отыр.
Ауыл ішіндегі Степная және Клубная көшелерін қалыпқа келтіру ісі биылғы мамыр айында басталған болатын. Ұзақ жыл тұрғындарға қызмет етіп келе жатқан автокөлік жолы тозығы жетіп, жаңартуға сұранып тұрғалы қашан. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін орташа жөндеу қолға алынды. Аталған мақсатқа 134 212 976 теңге қарастырылған. Сонымен қатар Зааят елді мекенінде автобус аялдамасы қайта қалпына келтірілді. Аталған аялдама да ертеректе орнатылған. Уақыт өте сыртқы келбеті ескіріп, ұсқыны кете бастады. Жергілікті әкімдік нысанның сыртын әктеп, сырлап, айналасын тазартып қойды. Нәтижесінде аялдама заманауи кейіпке енді.
Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Денисов ауданының бес ауылында ішкі көшелер жөнделеді деп жоспарланған. Кейбір жол учаскелеріндегі жұмыс аяқталып, көпшіліктің қолданысына берілді. Осы мақсатқа 504 млн теңге қарастырылған.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретте: Әйет ауылында төселген асфальт
Сурет Әйет ауылдық әкімдігінен алынды.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31