
Денисов ауданында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына өтінімдер қабылдануда
Аудандық Мансап орталығының хабарлауынша, жыл басынан бері 12 адам «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтылыпты.
Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 20 адамға жеткізу жоспарлануда.
Аталған бағдарлама екі қолға бір күрек таба алмай сенделген жастарға зор мүмкіндік сыйлайды. «Жастар тәжірибесін» уақытша еңбек ету алаңы десек те, жас маманның қызметіне машықтануына жол ашады. Алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға көмегін береді. Қазіргі күні Денисов аудандық Мансап орталығында мемлекеттік бағдарламаға өнімдер қабылдау жүріп жатыр. Қатысуға ниет білдірушілер 2-20-56 байланыс нөміріне хабарласып, көкейдегі сауалға жауап алуға болады.
Бүгінде Денисов ауданындағы ұйымдарда бухгалтер, заңгер, трактор жүргізушісі, аспаз сияқты мамандарға сұраныс жоғары. Аталған кәсіпті меңгеріп, сол бағытта еңбек етемін десеңіз «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы сіз үшін таптырмас қолдау. Өңірдегі жұмыс берушілер де жас мамандарды қызметке қабылдауға ниет білдіріп отыр.
«Жастар арасында жұмыссыздықты жою, оларға қолдау көрсету – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Білім алуды енді аяқтаған жастарға тәжірибе ауадай қажет. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы білім-білік жинауға мүмкіндік мол. Әрбір жас түлек өзінің қарым-қабілетін шыңдауына болады. Ол үшін Денисов аудандық Мансап орталығына келіңіздер» деп хабарлады жауапты маман.
Суреттегі Алихан Цицкиев «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының белсенді қатысушысы. Ол аспаз мамандығын меңгерген. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында жергілікті дәмханада алғашқы еңбек жолын бастауда.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретте: жас маман Алихан Цицкиев
Сурет кейіпкеріміздің мұрағатынан алынды.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31