Денисов ауданындағы Глебовка ауылында су құбыры тартылуда

Глебовка ауылында су құбыры жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Жоба аясында ауыл ішіне ұзындығы 9,4 шақырым болатын су құбыры тартылып, сумен қамтуға арналған арнайы нысандар салынады.

Жуырда Денисов ауданына жұмыс сапарымен келген ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов пен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов Глебовка ауылындағы сумен жабдықтау құрылысының нысанына барып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерді. Бұл жобаны іске асыру нәтижесінде 14 шақырымнан астам су құбыры тартылатын болады.

«AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалынан алынған мәліметтер бойынша, Ырсай ауылынан Глебовкаға дейін ұзындығы 4,8 шақырым болатын магистральды су құбыры жүргізіледі. Су Ырсай ауылындағы сумен жабдықтау кешені арқылы жеткізілмек. Осы мақсатта мұндағы 2-көтерілімдегі насос станциясына қосымша екі сорғы қондырғысы орнатылады. Жобаны іске асыруға 558,9 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінде 503,0 млн теңге республикалық бюджеттен бағытталған. Қазіргі уақытта магистральды су құбырының бір бөлігіне жер қазу жұмыстары басталып, 300 метр құбыр төселді.

Бүгінде Глебовка ауылындағы су құбыры тартылып жатқан құрылыс аумағына «AMANAT» партиясының бақылау бекеті қойылған. Қостанай облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы облыстық мәслихат депутаты Манарбек Нұрмағанмен бірге әр тоқсан сайын аталған нысанда бақылау ұйымдастыруда. Денисов аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Наталья Таранның және осы нысанға жауапты депутат Наргиз Омарованың жетекшілігімен ай сайын мониторинг жүзеге асырылуда.

– Құрылыс жұмыстарының сапасы мен бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында «AMANAT» партиясының тарапынан арнайы бақылау бекеттері ұйымдастырылуда. Әлеуметтік маңызы бар әрбір нысанға жауапты депутат бекітіліп, тұрғындармен кері байланыс орнату үшін құрылыс алаңдарында байланыс нөмірлері жазылған тақтайшалар орнатылып жатыр,-деді Денисов аудандық мәслихатының депутаты Наргиз Омарова.

Қазір аудан халқының 81 пайызы орталықтандырылған немесе тасымалданатын ауыз сумен қамтылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу бағытында ірі жобалар қолға алыныпты. Атап айтқанда: Аршалы ауылы — «Сумен жабдықтау желілері мен нысандарын салу» жобасының жалпы құны 1 511,2 млн теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі — 2024–2025 жылдар. Бас мердігер — «Қостанайсельхозводопроводстрой» ЖШС (№40 келісімшарт, 21.05.2024 ж.). Жалтыркөл мен Архангельское ауылдары — «Су жүйесін қайта жаңғырту» жобасының құны — 2 130,6 млн теңге. Құбыр желісінің ұзындығы — 35 шақырым. Аталған жобалар толық іске асқанда, Денисов ауданы ауыз сумен 100% қамтамасыз етілмек.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді жолдаған Глебовка ауылының әкімдігі.

Редактор

Recent Posts

929 вызовов за год: как работает ОЧС Денисовского района

За сухими цифрами отчётности - сотни спасённых домов, предотвращённых трагедий и ежедневная работа, от которой…

3 дня ago

Денисов ауданы тұрақты даму жолында жаңа жетістіктерге жетті

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптен бастап инфрақұрылым және әлеуметтік салаға дейінгі…

6 дней ago

Активисты Денисовского района очистили от снега двор труженицы тыла

В рамках реализации Концепции развития экологической культуры «Таза Қазақстан» в селе Денисовка состоялась республиканская акция…

2 недели ago

Более 2900 саженцев и деревьев высадили в Денисовском районе в рамках акции «Таза Қазақстан»

Экологическая инициатива, выдвинутая Главой государства, широко реализуется на местном уровне. (далее…)

2 недели ago

В Денисовском районе системно ведётся работа по идентификации скота

В рамках поручения акима области продолжается планомерная работа по учёту и идентификации сельскохозяйственных животных. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.