Денисов ауданындағы балықшы қыз қызықты оқиғалармен бөлісті

Анастасия Котова «су маржанын» аулаумен төрт жылдан бері айналысады. 37 жастағы балықшы жергілікті дүкенде сатушы болып жұмыс істейді.

Уақытының көбі сол дүкенде өтеді. Қолы қалт ете қалса балық аулауға асығады. Оның соңғы төрт жылда тапқан ермегі бұл.

­ Күндердің бір күнінде «балық аулап көрейінші» деген ой келді. Аудан орталығындағы «Рыболов» деген дүкеннен қажетті құрал­жарақтарды алдым. Өйткені, ондағы сатушылар балық аулауды жаңадан үйреніп жүрген адамдарға бағыт­бағдар беріп, таңдау жасауға кеңес береді. Құрал­сайманымды сайлап алған соң, балыққа тартып отырдым. Табиғат аясындағы тыныштық маған ұнап қалды. Кейін бұл менің сүйікті ісіме айналды. Осылайша, балықшы болып шыға келдім,­дейді Анастасия Котова.

Балықшы десе бірден ер адамның бейнесі көз алдымызға келетіні рас. Анастасия туралы естігенде сәл таңырқағанымыз да содан. Алайда, нәзік жандылар қатардан қалмай, кез келген істі ұршықша иіріп әкететініні ақиқат. Ерлерден қалыспай еңбектеніп жүрген кейіпкеріміздің ептілігіне қайран қаласың.

Анастасия Котова әңгіме барысында балық аулау сәтінде бастан кешкен ерекше және қызықты сәттерді еске алды. Бірде қысты күні балық аулап отырғанда мұздың жарыла бастаған дыбысын естиді. Сол кезде зәресі зәр түбіне кетердей қорыққан. Қуанышқа орай, жазатайым жағдай болған жоқ, балықшымыз дін аман. Алайда, бұл оқиға оған сабақ болыпты. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, ендігі жерде құмарлықтан гөрі қауіпсіздікті бірінші орынға қоятын болған. Кез келген істің қызығы мен шыжығы қатар жүрмей ме?! Енді бірде қармағына кәдімгідей үлкен көксерке түседі. Осылайша, күтпеген жерден олжалы болыпты.

­ Біздегі өзен­көлдерден шортан, көксерке, алабұға, қарақұйрық, қаракөк, мөңке, тұқы сияқты балық түрлерін кездестіруге болады.  Шортан, көксерке, алабұға сияқты көпшілікке белгілі түрлері де бар. Мен өзі қысы­жазы аулаймын. Балыққа қармақ, спиннинг қолданамын. Табиғаттың бізге берген сыйы қаншама. Таза ауа, ну орман, өзен­көл, соның бәрі адамды рахатқа бөлейді. Оны сезіне білу қажет. Мен табиғатты аялаймын, балық аулауға асқан жауапкершілікпен қараймын. Қармаққа түскен ұсақ балықтарды суға қайта ағызып  жіберіп, үлкендерін ғана тұтынамын. Негізінде, мен үшін табиғат аясында демалу, тылсым құбылысты тамашалау маңызды,­деді Анастасия.

Кейіпкеріміздің сөзінің жаны бар. Балық аулау осы екен деп қармаққа түскеннің бәрін қылғыта беруге болмас. Жас балықтардың өсіп­өнуіне мүмкіндік берген жөн.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Сурет кейіпкеріміздің жеке мұрағатынан алынды.

Редактор

Recent Posts

Денисов ауданында облыстық домбырашылар фестивалі өтті

Денисов ауданында жергілікті күйші-композитор Бекзат Ғазезовтың шығармашылығына арналған облыстық домбырашылар фестивалі өтті. (далее…)

3 часа ago

Денисов ауданының өнерпазы он беске жуық күй шығарған

Денисов ауданында ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттап жүрген талантты өнерпаз, күйші-композитор Бекзат Ғазезов есімді…

3 дня ago

Денисов ауданында агросекторды цифрландыру қарқынды

Денисов ауданындағы «Арай Холдинг» ЖШС өндірісте ең соңғы жаңа технологиялық шешімдерді белсенді қолдануда. (далее…)

6 дней ago

«Нельзя ли сделать исключение?»: в Денисовском районе аксакал попросил акима области помочь с грантом для талантливых студенток

На встрече акима Костанайской области Кумара Аксакалова с населением Денисовского района, проходившей в Доме культуры…

3 недели ago

В Денисовском районе запустили смарт-ферму с жилыми капсулами

Представьте себе полевой стан, где вместо привычных вагончиков стоят футуристичные капсульные дома, работает Starlink, а…

3 недели ago

This website uses cookies.