Денисов ауданындағы балықшы қыз қызықты оқиғалармен бөлісті

Анастасия Котова «су маржанын» аулаумен төрт жылдан бері айналысады. 37 жастағы балықшы жергілікті дүкенде сатушы болып жұмыс істейді.

Уақытының көбі сол дүкенде өтеді. Қолы қалт ете қалса балық аулауға асығады. Оның соңғы төрт жылда тапқан ермегі бұл.

­ Күндердің бір күнінде «балық аулап көрейінші» деген ой келді. Аудан орталығындағы «Рыболов» деген дүкеннен қажетті құрал­жарақтарды алдым. Өйткені, ондағы сатушылар балық аулауды жаңадан үйреніп жүрген адамдарға бағыт­бағдар беріп, таңдау жасауға кеңес береді. Құрал­сайманымды сайлап алған соң, балыққа тартып отырдым. Табиғат аясындағы тыныштық маған ұнап қалды. Кейін бұл менің сүйікті ісіме айналды. Осылайша, балықшы болып шыға келдім,­дейді Анастасия Котова.

Балықшы десе бірден ер адамның бейнесі көз алдымызға келетіні рас. Анастасия туралы естігенде сәл таңырқағанымыз да содан. Алайда, нәзік жандылар қатардан қалмай, кез келген істі ұршықша иіріп әкететініні ақиқат. Ерлерден қалыспай еңбектеніп жүрген кейіпкеріміздің ептілігіне қайран қаласың.

Анастасия Котова әңгіме барысында балық аулау сәтінде бастан кешкен ерекше және қызықты сәттерді еске алды. Бірде қысты күні балық аулап отырғанда мұздың жарыла бастаған дыбысын естиді. Сол кезде зәресі зәр түбіне кетердей қорыққан. Қуанышқа орай, жазатайым жағдай болған жоқ, балықшымыз дін аман. Алайда, бұл оқиға оған сабақ болыпты. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, ендігі жерде құмарлықтан гөрі қауіпсіздікті бірінші орынға қоятын болған. Кез келген істің қызығы мен шыжығы қатар жүрмей ме?! Енді бірде қармағына кәдімгідей үлкен көксерке түседі. Осылайша, күтпеген жерден олжалы болыпты.

­ Біздегі өзен­көлдерден шортан, көксерке, алабұға, қарақұйрық, қаракөк, мөңке, тұқы сияқты балық түрлерін кездестіруге болады.  Шортан, көксерке, алабұға сияқты көпшілікке белгілі түрлері де бар. Мен өзі қысы­жазы аулаймын. Балыққа қармақ, спиннинг қолданамын. Табиғаттың бізге берген сыйы қаншама. Таза ауа, ну орман, өзен­көл, соның бәрі адамды рахатқа бөлейді. Оны сезіне білу қажет. Мен табиғатты аялаймын, балық аулауға асқан жауапкершілікпен қараймын. Қармаққа түскен ұсақ балықтарды суға қайта ағызып  жіберіп, үлкендерін ғана тұтынамын. Негізінде, мен үшін табиғат аясында демалу, тылсым құбылысты тамашалау маңызды,­деді Анастасия.

Кейіпкеріміздің сөзінің жаны бар. Балық аулау осы екен деп қармаққа түскеннің бәрін қылғыта беруге болмас. Жас балықтардың өсіп­өнуіне мүмкіндік берген жөн.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Сурет кейіпкеріміздің жеке мұрағатынан алынды.

Редактор

Recent Posts

В Денисовском районе пресечён канал поставки нелегального алкоголя и табака

Сотрудниками Управления государственных доходов по Денисовскому району 21 октября 2025 года проведено рейдовое мероприятие по…

21 час ago

Денисов ауданының Қырым ауылында жол учаскелері жаңаруда

Облыс әкімінің елді-мекендерді абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына орай, Қырым-Перелески тас жолының учаскесінде шұңқырлар бітелді.…

5 дней ago

Денисов ауданының оқушысы Кэтрин Майер республикалық форумға қатысуда

Кэтрин Майер мемлекеттік тілді жетік меңгерген неміс қызы. (далее…)

6 дней ago

В селе Красноармейское Денисовского района появится сотовая связь уже в следующем году

Во время встречи вице-министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан Досжана Мусалиева с жителями…

6 дней ago

В Денисовском районе активно создаются условия для трудовой занятости молодежи

На днях под председательством акима района Руслана Катпаева прошло заседание совета по делам молодежи, где…

2 недели ago

Денисов ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағының кезекті маусымы аяқталды

Денисов ауданында еңбек жасағының биылғы маусымында 73 жас еңбек етті.   (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.