Денисов ауданында тракторшы ­ машинист мамандары сұранысқа ие

Аудандық «Мансап орталығының» өткен жылғы деректеріне сәйкес, жұмыс берушілердің өтінімі бойынша алты адам тракторшы ­ машинист мамандығы бойынша білім алыпты. Бұл бағыттағы жоспар 100% ға орындалған. 91 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, 15 адам әлеуметтік жұмысқа бағытталған. 12 адам «Жастар практикасы» бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналасып, алғашқы еңбек жолын бастауға мүмкіндік алды. Он адам «Күміс жас» бағдарламасына қатысты.

Аудандық мансап орталығының басшысы Ерлан Кульжановтың хабарлауынша, өңірде жұмысшы мамандарын дәріптеу іс шаралары жаймен қолға алынуда. Оның айтуынша, еңбек белсенділерін, кейінгі ұрпаққа өз тәжірибесін үйретіп жүрген тәлімгер мамандарды, үлгілі жұмысшыларды насихаттау арқылы жастарды ынталандырамыз.

Аудан орталығында жұмысшы мамандықтарын оқытатын кәсіптік техникалық колледж бар.  Оқу орны директорының міндетін атқарушы Асыл Қалиевтің айтуынша аудандағы ЖШС, шаруа қожалықтары бухгалтер, тракторшы ­ машинист және аспаздарды жиі сұратады.

«Жергілікті ЖШС, шаруа қожалықтарында тракторшы ­ машинист мамандарына сұраныс жоғары. Бухгалтерлерді де көп сұрайды. Осы екі мамандық аса қат болып тұр. Үшінші орында аспаздар. Биыл жалпы 46 түлек колледж бітіреді деп жоспарлануда. Оларды жұмыспен қамту қазірден бастап шешіліп қойған. Біздің колледж аудандағы шаруа қожалықтарын қажетті маманмен  қамтып отыр. Биылғы жылды Президент жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны бекер емес. Жұмысшы мамандықтар қоғамның негізі екенін ескерген жөн» деді Денисов кәсіптік техникалық колледжі директорының міндетін атқарушы Асыл Аманжолұлы.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретте: Денисов кәсіптік техникалық колледжінің оқыту базасы.

Суретті түсірген Абиль ДОЩАНОВ.

Редактор

Recent Posts

929 вызовов за год: как работает ОЧС Денисовского района

За сухими цифрами отчётности - сотни спасённых домов, предотвращённых трагедий и ежедневная работа, от которой…

3 дня ago

Денисов ауданы тұрақты даму жолында жаңа жетістіктерге жетті

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптен бастап инфрақұрылым және әлеуметтік салаға дейінгі…

6 дней ago

Активисты Денисовского района очистили от снега двор труженицы тыла

В рамках реализации Концепции развития экологической культуры «Таза Қазақстан» в селе Денисовка состоялась республиканская акция…

2 недели ago

Более 2900 саженцев и деревьев высадили в Денисовском районе в рамках акции «Таза Қазақстан»

Экологическая инициатива, выдвинутая Главой государства, широко реализуется на местном уровне. (далее…)

2 недели ago

В Денисовском районе системно ведётся работа по идентификации скота

В рамках поручения акима области продолжается планомерная работа по учёту и идентификации сельскохозяйственных животных. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.