Денисов ауданында облыстық домбырашылар фестивалі өтті
Денисов ауданында жергілікті күйші-композитор Бекзат Ғазезовтың шығармашылығына арналған облыстық домбырашылар фестивалі өтті.
Бекзат Ғазезов -Тобыл-Торғай өңірінің күйшілік өнерін дәріптеп жүрген тума талант. Оның 15-ке жуық күйі мен ансамбльдерге арналған әртүрлі шығармалары бар. Сондай-ақ «Қалқа қыз» және «Гүлдей ару қыз» атты әндер жазған. Бүгінде автордың төл туындылары Денисов ауданының «Түйемойнақ» ансамблінің репертуарының бел ортасынан табылады.
Облыстық фестивальге Қостанай, Лисаков қалалары мен Федоров, Қамысты, Жітіқара, Б.Майлин, Қарабалық аудандарынан барлығы 18 қатысуы келіп, автордың шығармаларын орындады.

Денисов ауданы әкімінің орынбасары Айгүл Биктимисова өнер иесін бірегей талант деп бағалап, аудан басшылығы мәдениет саласын қолдауға әркез ықыласты екенін жеткізді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Достанов күйшінің шығармаларын жас ұрпақ үшін баға жетпес қазынаға балады. Облыстық мәдениет басқармасының халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының басшысы Дамир Қалқаев Денисов ауданының әкімшілігі мәдениет саласын дамытуға жүйелі жұмыс жүргізіп отырғанын баяндады.

Былтыр күйші-композитор Бекзат Ғазезовтың шығармаларына арналған кеш аудан деңгейінде өткен еді. Биыл облыстық дәрежеде ұйымдастырылды. Аудан әкімшілігі күйшілік өнерді дәріптеуге жылда көңіл бөлуді жоспарлап отыр.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген – Василий ВАСИЛЬЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31