Денисов ауданында көктемгі әскерге шақыру науқаны қалай жүріп жатыр?

Жуырда ҚР Қарулы күштерінің қатарына шақырту алған Денисов ауданының жас жігіттері әскерге аттанды. Олар Отан алдындағы азаматтық борышын өтемек. Бозбалаларды ата-аналары мен туған-туыстары, жергілікті билік өкілдері салтанатты түрде шығарып салды.

Қазір еліміз бойынша көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Маусым айының 30-на дейін республика бойынша 20 мыңға жуық азамат еліміздің күштік құрылымдарына қабылданып, Отан алдындағы абыройлы борышын өтейді. Денисов және Қамысты аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің басшысы Владимир Коршунның айтуынша, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны биылғы жылдың 1-наурызында басталған. Көктемгі шақыру науқаны 30-маусымда аяқталады. Осы уақыт ішінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы жастар толықтырады. Дәл қазіргі деректер бойынша, Денисов ауданынан жиырма жігіт әскерге аттанды. Көктемгі әскерге шақыру науқаны әлі де жалғасуда.

–  Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмыстары аясында әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату құқығы жоқ, 18-27 жас аралығындағы жастар әскери қызметке шақырылады. Мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны наурыз-маусым, қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында жүргізіліп, көктемгі және күзгі шақыру болып бөлінеді. ҚР заңнамасына сәйкес 18-27 жас аралығындағы ер азаматтар ҚР-ның Қарулы күштерінің қатарында бір жыл мерзімде әскери қызмет етеді. Қазіргі күні Денисов ауданында әскери шақыру науқаны жалғасуда. Сондай-ақ Денисов және Қамысты аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары және орта оқу орындарына және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауды жүргізеді,-деді Денисов және Қамысты аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің басшысы Владимир Коршун.

Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған Денисов ауданының белсенді жігіттерінің бірі – Алексей Гава. Оның анасы Надежда Гавамен сөйлесіп, әскери қызметке деген көзқарасын білген едік.

– Әскери қызмет кез келген жас жігіттің өміріндегі ең маңызды кезең деп есептеймін. Әскер тәртіпке, жауапкершілікке және адамның өзін өзі алып жүруін үйретеді. Көбісі қиындықтан қорқады, күнделікті өмір салтын өзгертуден қашады деп ойлаймын. Ал енді бірінің Отан алдындағы борышын өтеуге деген ынтасы жоқ. Ер жігіттің әскерге барғаны дұрыс. Біздің үйге әскерге шақыру қағазы келгенде алаңдағанымыз рас. Алексей – ақылды, мықты жігіт, мен оған сенемін. Дені сау болып, аман-есен ортамызға оралғанын қалаймын,-деді Надежда Гава.

Алексейдің отбасы әскери қызметті құрметтейді. Надежда Гаваның әкесі де, үлкен ұлы да әскерге барып, азаматтың борышын өтеген екен. Үлкендер салған сара жолмен бозбала Алексей де әскерге аттанып отыр. Азаматтың абыройлы борышын ойдағыдай өтеп, отбасымен аман-сау қауышуына біз де тілекшіміз.

Денисов ауданында жастар арасында әскери қызметтің маңызын түсіндіріп, балаларға патриоттық тәрбие беру үшін мектеп қабырғаларында «Жас сарбаз» үйірмесі жұмыс істеуде.  Бұл туралы №3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің алғашқы әскери және техникалық дайындық пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы Оразалы Тұрмағанбетов айтып берді.

– Бізде 5-6-сынып және 10-11-сынып оқушыларынан құралған «Жас сарбаз» үйірмесі бар. Сол үйірме барысында балаларға әскери қызметтің маңыздылығы, Отан алдындағы азаматтық борышты өтеу туралы жоспарлы жұмыстарды жүргіземіз. Оқу жылы басталысымен аудандық «Жас әскер» сайысына қатысамыз. Саптық, тактикалық дайындық, атыс дайындығы сияқты түрлі жаттығулар беріледі. Балалардың Отан қорғауға деген ынтасын арттыру үшін бәріміз қоғам болып жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Өз басым әр сабақта әскерге барудың маңызын айтып отырамын. Балаларды әскерге қызықтырамын,-дейді алғашқы әскери және техникалық дайындық пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы Оразалы Тұрмағанбетов.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Recent Posts

Программа «Ауыл – ел бесігі» меняет облик Денисовского района

2024 год стал по-настоящему прорывным для транспортной инфраструктуры Костанайской области. (далее…)

12 часов ago

Денисов ауданындағы Глебовка ауылында су құбыры тартылуда

Глебовка ауылында су құбыры жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Жоба аясында ауыл ішіне ұзындығы 9,4 шақырым…

3 дня ago

Денисов тұрғыны Маргарита Николаенко қазақ тілін өз бетімен үйреніп алды

Денисов ауданының орталығындағы балалар кітапханасында жұмыс істейтін Маргарита Николаенко есімді кітапханашы бар. Ол қазақ тілінде…

1 неделя ago

Семейная династия швей открыла свое ателье в Денисовке

Главная героиня - Зарина Елемисова, продолжает дело, начатое её бабушкой - Марией Маймаковой. Вместе с тётями Куляш и…

2 недели ago

По мнению жительницы села Денисовка Галины Харченко, наблюдается тенденция привлечения к чтению

Более 40 лет Галина Леонидовна обучала математике учащихся Денисовской средней школы №1. А сейчас, будучи…

2 недели ago

This website uses cookies.