Денисов ауданында ескі жарық шамдар жаңаруда

Ауданға қарасты Приречен ауылындағы хоккей кортында ескірген жарық шамдардың орнына жаңасын орнатты.

Бұл жұмыс «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының шеңберінде жүргізілді.  Оған «Приреченское» ЖШС қаражаты жұмсалды.

Таяуда корттағы барлық жеті шам заманауи үлгідегі жаңа жарықдиодты шамдарға (LED) ауыстырылды. Сондай­ақ, жарықтандыру желілері де жаңарды. Осы аталған жұмыстарға шамамен екі жүз жиырма мың теңгеге жуық қаражат жұмсалыпты.

Приречен ауылдық округінің әкімі Владимир Борисовтың айтуынша, биыл көшелердің шамдарын жаңартуға басымдық беріліп отыр.

­ Биыл Приречен және Окраинка ауылдарында көшедегі ескі шамдарды жаңа жарықдиодты шамдарға (LED) жаппай ауыстырамыз. Осы мақсат үшін бюджеттен Приречен ауылына 8,2 млн теңге, Окраинка ауылына  бес млн теңгедей қаражат бағытталмақ. Жаңа жарықдиодты шамдардың ескіден артықшылығы мол. Біріншіден, ескі шамдар электр қуатын тым көп тұтынады. Екіншіден, жанып кетсе қайта қалпына келмейді. Ал, заманауи үлгідегі LED шамдар әлдеқайда жарқырап тұрады, ұзаққа жарамды және электр қуатын аз жұмсайды. Сондықтан, ескіні үнемді шамдарға ауыстырудамыз, ­деді  Владимир Борисов.

Аталған екі ауылдың көшелерінде қазіргі күні елу үш жарық шамы бар. Биыл сол ескі  шамдар жаңа жарықдиодты шамдарға ауысып, көшелер одан әрі жарқырай түспек. Ал ескірген шамдар қайта өңдеуге жіберіледі. Қазіргі күні тендер ойнатылған жоқ. Сол себепті бұл жұмыстармен қандай ұйымның айналысатыны әзірге белгісіз. Ауыл көшелерінің шамдарын жаңартумен кімнің айналысатыны жылдың екінші тоқсанында нақты анықталмақ.

Приречен және Окраинка ауылдарында көшелерді жарықтандыру жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде көшелер жарқырап тұрғанымен, үнемді шамдарды тұтыну туралы да естен шығармаған жөн. Сондықтан, жауапты мамандар электр қуатын тиімді пайдалануды ескеру керегін айтуда.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Recent Posts

В Денисовском районе открылась ветеринарная аптека

Развитие малого и среднего бизнеса остаётся одним из ключевых приоритетов государственной политики. (далее…)

3 дня ago

В Денисовском районе строится оптоволоконная сеть по технологии GPON

В районе продолжается активная работа по развитию современной цифровой инфраструктуры. (далее…)

1 неделя ago

Денисов аудандық мемлекеттік архив қорының 36,9 % жуығы цифрланды

Денисов мемлекеттік архивіндегі цифрландыру үрдісі 2018 жылы басталды. (далее…)

2 недели ago

В Денисовском районе сохраняется стабильная ситуация по туберкулёзу

По данным медицинской службы, за 10 месяцев текущего года выявлено 8 случаев заболевания среди взрослых…

2 недели ago

В Денисовском районе 94 лица привлекли к ответственности за вольный выпас скота

В рамках реализации концепции «Закон и порядок» в Денисовском районе проводится активная профилактическая работа по…

2 недели ago

This website uses cookies.