Наурызнама онкүндігінің Шаңырақ күніне орай Денисов кәсіптік техникалық колледжі Бауырсақ party ұйымдастырды. Колледждің әр тобы бауырсақ пісіріп, шашу шашты.
Мәдени кеш барысында студенттер бауырсақтың жасалу жолы, қамырын дайындаудың әдіс-тәсілдері туралы айтып, өздері пісірген дәмді көпшілікке ұсынды. Ұлттық киімдер шеруін өткізіп, салт-дәстүр көріністерінен үзінді қойылымдар қойды. Ұлттық әндер шырқалып, мың бұралған бишілер көрермен назарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Колледж директорының оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Любовь Грининаның айтуынша, бауырсақ кешінде оқу орнының студенттері белсенділік танытқан. Бауырсақ – қазақтың ұлттық тағамы, ас атасы, дастарханның сәні. Халқымыз сыйлы қонақ келсе бауырсақ пісіріп, нан ауыз тигізген. Осындай құндылықты ұрпақ бойына сіңіру үшін колледж басшылығы «Бауырсақ party» ұйымдастыруды жөн санапты. Іс–шараның атауындағы «party» сөзін ағылшын тілінен тәржімалағанда «кеш, жиын» деген мағынаны білдіреді. Бұл ағылшын сөзі жастар арасында қазір кеңінен қолданылады. Ендеше «бауырсақ party» дегеніміз «бауырсақ кеші» дегенге келеді.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Завершены плановые взрывные работы на реке Тобол в районе села Алчановка. (далее…)
В Денисовском районе день голосования проходит в атмосфере весеннего обновления и национальных традиций. (далее…)
В Денисовском районе всё чаще звучат инициативы, идущие от самой молодёжи. (далее…)
Иногда большие и очень важные дела начинаются с простого сообщения в соседском чате. (далее…)
Бүгін, 6-наурызда Итальяның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XIV қысқы паралимпиада ойындары басталады. (далее…)
Есть профессии, о которых говорят с особым уважением. Акушерка - одна из них. Именно её…
This website uses cookies.