Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысында Денисов аудандық ауруханасы жүргізген скринингтік тексеру кезінде 26 адамнан артериялық гипертензия, 7 адамнан қант диабетінің бұзылысы бары анықталған.
Денисов аудандық ауруханасы жергілікті тұрғындардың денсаулығына бей-жай қарамай, скринингтікт тексерулерден тұрақты өтуіне жағдай жасауда. Мұндай тексерулер қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтауға жол ашады.
– Скринингтік зерттеулер – денсаулығына қатысты аса көп шағымы жоқ адамдар арасында жүргізілетін медициналық тексерулер. Тексеру арқылы ауру түрлерін ерте сатыларда анықтап, оңтайлы емдеуді таңдауға және профилактикалық шаралар кешенін тағайындауға мүмкіндік туады. ҚР заңнамасына, яғни, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, әрбір азамат осы тектес тексерулерден өтуге міндеттеледі. Осы мақсатта біздің аурухана тұрғындар арасында скрининг тексерулерді тұрақты жүргізуде,-деді аудандық аурухананың бас медбикесі Сәуле Байбосынова.
Аурухананың арнайы скрининг кабинеті бар. Ол жерде пациенттерді Face ID жүйесі арқылы қабылдайды. Алдымен глюкозаға және холестеринге арналған қан талдауы жасалады. Дәрігерлер пациенттердің қан және көз қысымын өлшейді. Одан кейін әр адамның жасына қарай белгіленген аурулар бойынша нақты тексереді.
Денисов ауданында жыл басынан бері тік ішектің қатерлігі ісігі бойынша 3 адам скринингтен өткен. Сүт безінің қатерлігі ісігінен 141 адам тексерілді. Соның ішінде 2 адам қатерлі ісік, 49 адам жатыр мойны обырының алғашқы белгілерін анықтау бойынша медициналық тексерістен өтті. Анықталған барлық ауру түрлері бойынша диспансерлік есепке алынды.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді жолдаған Сәуле БАЙБОСЫНОВА
В Денисовском районе день голосования проходит в атмосфере весеннего обновления и национальных традиций. (далее…)
В Денисовском районе всё чаще звучат инициативы, идущие от самой молодёжи. (далее…)
Иногда большие и очень важные дела начинаются с простого сообщения в соседском чате. (далее…)
Бүгін, 6-наурызда Итальяның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XIV қысқы паралимпиада ойындары басталады. (далее…)
Есть профессии, о которых говорят с особым уважением. Акушерка - одна из них. Именно её…
За сухими цифрами отчётности - сотни спасённых домов, предотвращённых трагедий и ежедневная работа, от которой…
This website uses cookies.