Денисов ауданында атадан балаға жалғасқан механизаторлар әулеті тұрады

Перелески ауылының ежелгі тұрғыны Владимир Зениннің «Кировец-700» тракторын тізгіндегеніне 50 жыл. Ол өмір бойы ауылдағы «Сарыағаш» ЖШС-да тракторшы болып табысты еңбек етуде.

Жастайынан ауыл шаруашылық техникасына қызығып өскен азамат есейіп, ес білген соң трактор тізгініне отырған. Содан бері елу жыл зулап өтті. Әлі күнге алып техниканы жүргізіп келеді.

Владимир Зенин механизатор-тракторшы ретінде 1973 жылдан бері жұмыс істеуде. Бүгінде құрметті зейнеткерлікке шыққан. Алайда, қарияның бос отырғысы жоқ. Сондықтан «Сарыағаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жұмысын әлі күнге жалғастыруда.

-Қол қусырып бос отырғым келмейді. Ең дұрысы жасыңа қарамай еңбек ету. Зейнеткерлікке шықсам да ауыл өміріне бір пайдамды тигізгім келеді. Сондықтан трактор тізгінін тастамадым,-деді Владимир Зенин.

Кейіпкеріміз 4 жасында Украинадан кетіп, Қазақстанға көшіп келген. Кең байтақ қазақ даласына қоныстанып, тамыр жайды. Үйленіп, ұрпақ сүйді. Қазақ жерінде өсіп-өнді. Үш бала, жеті немере және шөбере сүйді. Балалары мен немерелері де әке жолын жалғап механизатор мамандығын меңгерді. Мәселен, Владимир Зениннің немересі Александр атасының жолын қуып, механизатор-тракторшы атаныпты. Жас механизатор бүгінде  «Сарыағаш» ЖШС-да табысты еңбек етуде. Осылайша Зениндер әулетінде үш буын өкілдері механизатор мамандығын меңгеруде.

-Адам өзінің жұмысын шын ниетімен жақсы көріп жасау керек. Сонда ғана ісің алға басады, жақсы нәтижеге жетесің. Өз басым жұмысты тиянақты атқарсам көңілім жайланады,-деген Владимир Зенин «Кировец-700» тракторына жеткенше асықты. Алып техникаға жүйткіп мініп, шаруаға кірісті. Өз ісіне берілген осындай еңбекқор жандар ауыл экономикасын дамытуға шынайы үлес қосуда.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті түсірген Адиль ДОЩАНОВ

Редактор

Recent Posts

В Денисовском районе проведены взрывные работы для предупреждения паводка

Завершены плановые взрывные работы на реке Тобол в районе села Алчановка. (далее…)

3 дня ago

Национальные костюмы и весеннее настроение объединили жителей Денисовского района в день Референдума

В Денисовском районе день голосования проходит в атмосфере весеннего обновления и национальных традиций. (далее…)

7 дней ago

Школьница из Денисовского района запустила проект «Обмен учениками»

В Денисовском районе всё чаще звучат инициативы, идущие от самой молодёжи. (далее…)

1 неделя ago

В Денисовском районе неравнодушные жители помогли четырём семьям

Иногда большие и очень важные дела начинаются с простого сообщения в соседском чате. (далее…)

2 недели ago

Денисовтен шыққан паралимпиадашының анасы ұрпақ тәрбиесі туралы ой бөлісті

Бүгін, 6-наурызда Итальяның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XIV қысқы паралимпиада ойындары басталады. (далее…)

2 недели ago

Акушерка из Денисовского района много лет помогает появляться на свет малышам

Есть профессии, о которых говорят с особым уважением. Акушерка - одна из них. Именно её…

2 недели ago

This website uses cookies.