Жуырда Денисов ауданында ұлтты спорт түрлерінен ауқымды жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. Оған 2016-2018 жылдары туған жасөспірімдер қатысты.
2011 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келе жатқан сайыс жасөспірімдер арасында ұлттық спортты насихаттауды мақсат тұтқан. Осы уақытқа дейін қаншама жас шеберліктерін шыңдап, асық ойыны туралы жан-жақты мағлұмат алды. Дәстүрге айналған чемпионатқа биыл 42 бала келді. Тартысқа толы дода 30 ұл мен 12 қыздың арасында өтті. Ұлдар арасындағы бәсекеге «Қостанай облысының асық ату» федерациясының президенті Кәрішал Кәкашев төрелік жасады. Ал қыздар арасында әлем чемпионы Жанар Сұлтанова қазылық етті. Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары мен Науырзым, Меңдіқара, Денисов және Қостанай аудандарынан келген спортшылардың қай-қайсысы болмасын жеңімпаз атануға лайықты. Әсіресе Рудный мен Меңдіқараның балалары үздік нәтиже көрсетті.
«Спортшылардың дайындығы жақсы. Біздің жастар республикалық жарыста жүлдеге ілігеді деген үмітіміз бар. Чемпионаттың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өткен жөн» – деді чемпионаттың бас төрешісі Кәрішал Кәкашев.
Облыстық чемпионаттың нәтижесі төменде.
Асық атудан қыздар арасында:
1-орын Арайлым Базарбаева Рудный қаласы)
2-орын Тойлыбай Назым (Рудный қаласы)
3-орын Атымтай Тоғжан (Меңдіқара ауданы)
Асық атудан ұлдар арасында:
1-орын Атымтай Жандарбек (Меңдіқара ауданы)
2-орын Сиезов Сұлтан (Рудный қаласы)
3-орын Байдәулет Жандос (Меңдіқара ауданы)
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді аудандық спорт бөлімі жолдады.
Паводкоопасный период прошёл без происшествий. (далее…)
Как отмечают в районном отделе полиции, именно алкоголь чаще всего становится причиной нарушений общественного порядка.…
Турнир по вольной и женской борьбе был посвящённый памяти уважаемых тренеров — Балтыбая Кибатовича Дубирова…
С наступлением теплых погодных услови дорогу к населенному пункту полностью затопило. По словам местных жителей,…
В селе Гришенка волонтёры провели очередную социальную акцию помощи, направленную на поддержку одинокопроживающих пожилых людей.…
Завершены плановые взрывные работы на реке Тобол в районе села Алчановка. (далее…)
This website uses cookies.