Денисов ауданында ашытқысыз нанға сұраныс артуда

Соңғы жылдары Денисов ауданының тұрғындары ашытқысыз нанды белсенді тұтына бастаған. Бұл туралы аудан орталығындағы «Нуртлесов» шаруа қожалығының наубайханасына барғанда білдік.

«Нуртлесов» шаруа қожалығының наубайханасы отыз жылдан бері тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Былтыр наубайхананың басшылығы құрылғыларын жаңартып, нан және тоқаш цехтарына италяндық заманауи құрал-жабдықтар сатып алыпты.

-Бұл наубайхананың жұмыс істеп тұрғанына отыз жылдай болып қалды. Менің мұнда еңбек етіп жүргеніме 13 жыл болыпты. Басшымыз Бақытжан Қаламбайұлы ұжым үшін барлық жағдайды жасап, өнімділікті арттыруға тырысып жатыр. Былтыр құны қымбат тұратын шетелдік құрылғыларды сатып алып берді. Мұндай құрал-жабдықтармен жұмыс істеп жатқанымызға ризамыз. Себебі, өнімдеріміздің сапасы артты. Біз жаңа құрылғыдан шыққан алғашқы өнімді көргенде қуаныштан жыладық,-дейді наубайхана меңгерушісі Айгүл Искакова.

Нысанның бұрынғы жабдықтары жаңарғалы бері жұмыс та қыза түскен. Мұнда ашытқы қамырын ашытуға арналған арнайы шкаф, қамыр араластырғыш машинка сияқты нағыз қажетті жабдықтар сатып алыныпты. Оның бәрі жоғары сапалы итальяндық тауарлар. Жабдықтарға астаналық фирма арқылы тапсырыс берген.

Бір қызығы, қыста және көктемде аудан бойынша нан өнімдеріне деген сұраныс сәл азаяды екен. Ал жаз бен күзде тұтыну деңгейі күрт көбейеді. Бұл наубайхананың көпжылдық тәждірибесі бар. Ұжым ертеден қалыптасқан әрі тұрақты. Маман тапшылығы мүлде жоқ. Цех жұмысшылары өз қызметтерін құрметтейді, мақтан тұтады. Ал өнімдерінің түрін санар болсақ саусақ жетпес. Ашытқы наны, багет, батон, тұтас бидай-қара бидай наны, кебек наны, кесілген нан, бөлке нан, ашытқысыз нан, тоқаштар деп кете береді.  Соның бәрін дәмді қылып пісіріп, ып-ыстық қалпында сатылымға шығарады.

-Қазір Денисов ауданында ашытқысыз нандарға сұраныс жоғары. Өзіме де ашытқысыз нан ұнайды. Нарықта өз орныңды ұстап тұру үшін көбірек еңбек ету қажет.  Қазір бір орнында ұзақ уақыт тұрып қалуға болмайды. Өзгеріс енгізіп, заман талабына сай дамып, түрленіп отыру керек. Тұтынушыны жалықтырым алмаған жөн. Алға жылжымасаң сенен бәрі теріс айналады. Осы мақсатта ашытқысыз нан пісіру туралы шешім қабылдадық. Бұл идеяны іске асыруда қарағандылық фирма өткізген шеберлік сыныбы көп көмек болды. Қазір біздің ашытқысыз нандарымызды аудан халқы таласып алады,-дейді Айгүл Искакова.

Кейіпкеріміз наубайшы болып еңбек ету оңай емес екенін айтты. Тұтынушыға сапалы өнім ұсыну үшін барлық талаптарды қатаң сақтау керек. «Нуртлесов» шаруа қожалығының наубайханасында барлығы жиырма адам бар. Олар тәулік бойынша ауысыммен жұмыс істейді. Бір ауысымның уақыты таңертең 9-дан басталып, келесі күнгі таңертеңгі 9-ға дейін жалғасады.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Денисов ауданының Әйет ауылында асфальт төселді

«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Әйет ауылында ішкі көшелердің жолдары жөнделді. (далее…)

12 часов ago

Денисовта облыстық спорт фестивалі өтті

Денисов ауданында мүгедектігі бар азаматтар арасында Қостанай облысының V спорт фестивалі мәреге жетті. (далее…)

1 неделя ago

Денисов ауданында қауіпті ауруларды ертерек анықтау жұмыстары жүргізілуде

Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысында Денисов аудандық ауруханасы жүргізген скринингтік тексеру кезінде 26 адамнан артериялық…

2 недели ago

Денисов делегациясы Семейдегі Абай мерейтойына қатысып келді

Кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы республика көлемінді дүркіреп өтті. (далее…)

1 месяц ago

Село Окраинка Денисовского района отметило свое 120-летие

У самого въезда в село Окраинка, словно часовой, стоит стела с гордой датой - 1905…

1 месяц ago

Денисовта алғашқы мурал салынды

Жуырда Денисов ауданының орталығында алғашқы мурал пайда болды. Ұлттық нақышта киінген қазақ қызының бейнесі орталық…

1 месяц ago

This website uses cookies.