
Денисов ауданына Мәжіліс Төрағасының орынбасары келді
ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Альберт Рау жұмыс сапарымен Денисов ауданына келді.
Мәжіліс Төрағасының орынбасары алдымен Перелески ауылында салынып жатқан жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысын тексерді. Альберт Рау құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, нысанды мерзімінен кешіктірмей пайдалануға беру қажеттігін еске салды.

Аталған дәрігерлік амбулатория аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысы негізінде салынуда. Мердігері «КАРГЕН-СЕРВИС 2006» ЖШС. Қазіргі уақытта амбулаторияның негізі салынып, қабырғасы қалануда. Ғимарат іске қосылса ауылдық жердегі медициналық қызметтің қолжетімділігі одан әрі арта түспек.
Мәжіліс өкілі құрылыс барысымен танысқан соң «AMANAT» партиясының Денисов аудандық филиалында жергілікті аграрлармен кездесті. Ашық форматтағы жүздесуде агроөнеркәсіптік кешеннің өзекті мәселелері, мемлекеттік қолдау шаралары мен алдағы ауыл шаруашылық маусымына арналған жоспарлар талқыланды.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттер «AMANAT» партиясының ҚОФ инстаграм парақшасынан алынды.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31