
Биыл Денисов ауданында облыстық жазғы спартакиада өтеді
Қостанай облысындағы ауқымды спорт додасы – жазғы спартакиаданың ашылуы 1-тамызға белгіленіп отыр. Дүбірлі дода Денисов ауданының стадионында өтпек.
Облыс спортшылары бәсекеге тыңғылықты дайындалуда. Әзірге аудан, қалаларда іріктеу кезеңдері жалғасып жатыр. Жарысқа тек үздіктер ғана қатыспақ. Спортшылардың дайындығын жоғары деңгейде ұстап тұру үшін алда оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру жоспарланған.
Жазғы спартакиада биыл спорттың 18 түрі бойынша өтеді. Олардың қатарында бәйге, асық ату, аударыспақ сияқты ұлттық ойындар бар. Былтырдан бері спартакиада бағдарламасына олимпиадалық спорт түрі – велоспорт қосылды. Қатысушылар топтық және жеке жарыстарда бақ сынайды.
Қостанай қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әмір Қалімжановтың айтуынша, астықты аймақта жазғы спартакиада 1986 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
– Бұрын спартакиададан кейін дәстүрлі түрде ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтетін. Ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында 2024 жылдан бері екі іс-шараны біріктіруге шешім қабылданды. Бағдарламаға асық ату, аударыспақ, көкпар ойындары қосылды. Биыл бәйге өткізу жоспарлануда,-деді Қалімжанов.
Облыстық жазғы спартакиада былтыр Қарабалық ауданында өтті. Байрақты бәсеке биыл Денисов топырағында ұйымдастырылмақ.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Сурет аудандық спорт бөлімінің инстапарақшасынан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31