Ауданда 2025 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында жалпы сомасы 1 613,5 млн. теңге болатын 7 жобаны іске асыру жоспарланған.
Бұл туралы Денисов аудандық экономика және қаржы бөлімінің мамандары хабарлады.
Атап айтқанда, Антоновка ауылына кіреберіс жолын орташа жөндеу, Тельман ауылдық округі, Антоновка ауылындағы (2,55 км) Набережная, 0-1,9 км, Степная 0-0,65 км көшелерінде автомобиль жолдарын орташа жөндеу, Перелески ауылындағы Центральная көшесін (2,15 км) және Юбилейная көшесін (1,01 км) орташа жөндеу, Некрасовка ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу, Денисов ауданы Заәйет ауылындағы Дорожная көшесін орташа жөндеу, Фрунзе ауылы Пролетарская көшесіндегі бала-бақшаны күрделі жөндеу жұмыстары. Бұл жеті жоба биыл жүзеге аспақ.
Экономика және қаржы бөлімінің хабарламасында «Жобаны іске асырудың басым міндеттерінің бірі перспективалы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инженерлік инфрақұрылымын жақсарту. Бұл жоба ауылдағы өмір сүру сапасын жақсартуға, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғыртуға, оларды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізуге бағытталған» делінген.
2024 жылы Денисов ауылындағы «Автомобилист» стадионын жалпы құны 701,9 млн. теңгеге қайта жаңарту жөніндегі екі жылдық жоба басталған еді. Биыл аталған жұмысты әрі қарай жалғастыруға 625,6 млн. теңге бөлініп отыр.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді аудандық экономика және қаржы бөлімі жолдады.
За сухими цифрами отчётности - сотни спасённых домов, предотвращённых трагедий и ежедневная работа, от которой…
С 6 по 15 марта 2026 года в итальянских городах Милан и Кортина-д’Ампеццо пройдут XIV…
Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптен бастап инфрақұрылым және әлеуметтік салаға дейінгі…
В рамках реализации Концепции развития экологической культуры «Таза Қазақстан» в селе Денисовка состоялась республиканская акция…
Экологическая инициатива, выдвинутая Главой государства, широко реализуется на местном уровне. (далее…)
В рамках поручения акима области продолжается планомерная работа по учёту и идентификации сельскохозяйственных животных. (далее…)
This website uses cookies.