Алматылық көп балалы отбасы ерікті көшу бағдарламасымен Денисов ауданына келді

Айнұр мен Нұржан Омаровтар еліміздің оңтүстік өңірінен солтүстік облыстарға өз еркімен көшу бағдарламасымен 2020 жылы Денисов ауданына келген.

Ерлі-зайыптылар бес жыл ішінде жергілікті жердің тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып, ғұмыр кешуде. 2020 жылдың қайңтар айында алты баламен Алматыдан келген отбасы Түйемойнақ жерінде жетінші баласын өмірге әкеліпті. Отанасы Айнұр қазір «Алтын алқа» иегері.

– Алтыншы балама аяғым ауыр еді. Ол кезде біз әлі Алматыдамыз. Інім Қостанайда тұратын. Ініммен бір сөйлескенімде оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы туралы айтып, бізді Қостанайға шақырды. Біз Алматыда пәтер жалдақ тұрдық. Алты балалы жас отбасыға пәтер жағалау тым ауыр. Ерікті көшу бағдарламасы әр отбасыға баспана беріп, қажетті жағдай жасайды деп естідік. Отағасымен кеңесе келе теріскейге қоныс аударуға шешім қабылдадық. 2020 жылдың қаңтар айында жолдасым екеуміз алты баламен Денисов ауданына келдік. Сол уақытта дала алай-дүлей боран, айнала көз аштырмайды. Теріскейдің қытымыр қысы бізді осылай қарсы алған. Басында қорқақтадық. Бірақ, бізді аудан басшылығы ыстық ықыласпен қарсы алып, көмек берді. Мені жұмыспен қамтып, балаларымды балабақшаға орналастырды. Ерікті көшу бағдарламасының құжаттарын дайындап тапсыруыма бағыт-бағдар берді. Жақсы адамдардың арқасында шаруамыз оңыннан шешіліп, үйімізді де алдық,-деді Айнұр Ишматова.

Нұржан мен Айнұр шаңырағының Тобыл топырағы, Түйемойнақ табанына жасаған алғашқы қадамы осылай басталған еді. Бүгінде шаңырақтың тұңғышы Мейіржан биыл Көкшетаудағы колледжді бітіріп, төтенше жағдайлар қызметі мамандығы бойынша диплом алды. Екінші баласы Аружан Шымкенте бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша білім алып жатыр. 2-курс студенті. Үшінші баласы Досжан 9-сыныпты бітіріп, биыл 10-сыныпқа аяқ басып жатыр. Төртінші баласы Аяжан 7-сыныпқа көшті. Бақжаны 4-сыныпқа көшті. Еркежаны биыл 1-сыныпқа барады. Кенжесы Бекежан қазақ мектебіндегі «Айгөлек» шағын орталығының тәрбиеленушісі.

– Денисов ауданына алғысым шексіз. Мұнда жетінші баламды дүниеге әкелдім. Отбасыммен қатар қызметімді қатар алып жүрмін. Жолдасымның да тұрақты жұмысы бар. Балаларым оқып жатыр. Денисов ауданына алғаш келгенде бәрімізге тіл жағынан қиын болды. Бірақ, бәрі адамның өзіне байланысты. Денисов ауданы – біздің бағымызды ашты. Мемлекет ұсынған барлық көмек бұйырды. Осында келіп баспаналы болатынымызды естіген сәттегі қуанышымды айтып жеткізе алмаймын,-деді Айнұр ханым.

Бүгінде Нұржан мен Айнұрды Денисов ауданы тұрғындарының дені таниды. Ерлі зайыптылар адал еңбекпен ұл-қыздарын өсіруде. Айнұр ханым аудан орталығындағы қазақ мектебінде ұстаз. Нұржан Әмзеұлы еңбек ұжымында мақтаулы маман. Балалары да қатарластарының алды.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттер кейіпкердің отбасылық мұрағатынан алынды

Редактор

Recent Posts

В Денисовском районе открылась ветеринарная аптека

Развитие малого и среднего бизнеса остаётся одним из ключевых приоритетов государственной политики. (далее…)

2 дня ago

В Денисовском районе строится оптоволоконная сеть по технологии GPON

В районе продолжается активная работа по развитию современной цифровой инфраструктуры. (далее…)

1 неделя ago

Денисов аудандық мемлекеттік архив қорының 36,9 % жуығы цифрланды

Денисов мемлекеттік архивіндегі цифрландыру үрдісі 2018 жылы басталды. (далее…)

2 недели ago

В Денисовском районе сохраняется стабильная ситуация по туберкулёзу

По данным медицинской службы, за 10 месяцев текущего года выявлено 8 случаев заболевания среди взрослых…

2 недели ago

В Денисовском районе 94 лица привлекли к ответственности за вольный выпас скота

В рамках реализации концепции «Закон и порядок» в Денисовском районе проводится активная профилактическая работа по…

2 недели ago

This website uses cookies.