Ақынға бюст қойылды

Оның жастарға тәрбиелік мәні зор

Жақында Затобол кентіндегі Нұржан Наушабаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясының бірінші қабатында ақын, көрнекті өнер майталманы Нұржан Наушабаевқа бюст қойылды.

Осы арада айтулы тұлғаның өткен ғұмырына да қысқаша тоқталып өткен артық болмайтын секілді. Кезінде осы өңіріміздің атын шығарған бабамыздың есімі көптеген дүниеге келген ұл балаларға қойылғаны да белгілі.

Бұл да болса, қандастарымыздың оған деген ерекше құрметінің белгісі іспетті. Көзі қарақты оқырман оның Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын, ғалым, драматург Ақылбек Шаяхметтің қолдауымен бірнеше кітаптары жарық көргенін де жақсы білсе керек.

Нұржан Наушабаев 1858 жылы қазіргі Қостанай облысы Алтынсарин ауданында дүниеге келген. Ол ақын, діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Анасы Қадишадан (Шал ақынның қызы) жастайынан айырылып, нағашыларының қолында тәрбиеленді.

Троицк қаласында З.Расулов медресесінде білім алды. Жастайынан араб-парсы тілдеріндегі еңбектері мен татар, башқұрт жазушыларының шығармаларын оқыды.
Өсе келе әнші, сері, балуан атанып, дидактик үлгідегі нақыл, терме, толғау, мысал және назым, ғақлия жырларын жазды.

Даңқты жерлесіміздің 40 шақты өлеңі мен айтыстары жұртшылықтың күні бүгінге дейін жадында. Мысалы, «Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ айтысы» (1903), “Манзұмат қазақия” (1903), “Алаш” (1910) атты жинақтары Қазан қаласында басылғаны көпшілікке белгілі.

Оның өлеңдерінің негізгі тақырыбы – өнер-білім мен адамгершілік жайында. Ол өзінің жүрген жерінде осы игі қасиеттерді насихаттады.

Жоғарыда аталған білім ордасында орнатылған бюстке ақынның туысы, кәсіпкер Әділ Саматов демеушілік етті. Бұл мектеп-гимназия өміріндегі елеулі оқиға болып табылады.

Әлгі бюсттің ашылу салтанатында елімізге белгілі ақын-жазушылар Ғұмар Ахметчин, Ақылбек Шаяхмет, Нағашыбай Мұқатов, Әсия Беркеновалар сөз алып, Нұржан Наушабаев жайлы жан-жақты әңгімеледі.

Сондай-ақ Қостанай қаласының өнерлі жастары әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертті.

Осынау білім ордасының директоры Айткүл Әлімованың айтуына қарағанда, ақын бабамызға қойылған бюсттің мектеп оқушылары үшін берер өнегесі мол.

Оқушылар көрнекті тұлғаның халыққа сіңірген еңбегін ешқашан ұмытпай үнемі естерінде сақтайтын болады.

Салтанатты жиыннан кейін жиналған қауымға Қостанай шаһарындағы «Сәтті» шатханасында дастархан жайылды. Онда бабамыздың рухына бағышталып, Құран оқылды.

Аягөз Кәкімжанова

admin

Recent Posts

Денисов ауданында жаңа жылдың алғашқы күндері 5 нәресте өмірге келді

Денисов ауданында жаңа жылдық мерекелер уақытында ешқандай оқыс оқиғалар тіркелмеді. (далее…)

2 дня ago

Денисовтық шебер жасаған қар мүсін Свердлов ауылына сән берді

Свердлов ауылындағы «Колос» - фирма кеңсесінің аумағына биылғы жылдың нышаны – жылқы мүсіні орнатылды. Асқан…

3 дня ago

В Денисовском районе стартовал новый сезон хоккейной лиги

Открытие хоккейной лиги сезона 2025–2026 годов на новой ледовой арене в Денисовке стало по-настоящему значимым…

1 неделя ago

Денисов ауданы Глебов ауылында қысқы байқау мәреге жетті

Глебов ауылында «Үздік жаңажылдық безендіру» байқауының қорытындысы шығарылды. Оған жеті адам қатысуға ниет білдірген. (далее…)

1 неделя ago

Депутат Мажилиса с рабочим визитом посетил Денисовский район

В Денисовский район с рабочим визитом прибыл заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан Альберт Павлович…

2 недели ago

Денисов ауданына Мәжіліс Төрағасының орынбасары келді

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Альберт Рау жұмыс сапарымен Денисов ауданына келді. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.