
Денисов ауданының Глебов ауылына ҚР Өнеркәсіп вице-министрі келді
Денисов ауданында елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Соның бір жарқын үлгісі ретінде Глебов ауылында басталған су тарату желілерінің құрылысын айтуға болады.
Мемлекет басшысы 2025 жылдың соңына дейін республиканың барлық алыс ауылдарының халқын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу қажеттігін тапсырғын болатын. Президент тапсырмасына орай Денисов ауданының Глебов ауылында биыл көктемде су тарату желілерінің құрылысы басталды. Қазір жұмыстың дені аяқталып қалды. Көршілес Жітіқара ауданындағы Ырсай ауылынан су құбыры тартылып, Глебовтың кіре берісіне резервуар, магистраль орнатылды. Ауыл әкімі Рамазан Тұрғановтың айтуынша, 115 үйге су құбырының желісі кіргізілді. Қалған 40 үй қыркүйектің соңына дейін орталықтандырылған су желісіне қосылмақ.
– Мердігер сөзінде тұрып, жобаны мерзіміне сәйкес атқаруда. Мен қыркүйек айында келіп, құрылыстың қарқынын бақылаймын деп айтқанмын. Уәделі уақытта келіп, жұмыстың беталысын көрдім. Жуырда ауыл тұрғындарының бәрі тұщы су тұтынатын болады,-деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31