
Денисовта облыстық спорт фестивалі өтті
Денисов ауданында мүгедектігі бар азаматтар арасында Қостанай облысының V спорт фестивалі мәреге жетті.
Жарысқа Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық қалалары мен Денисов, Аманкелді, Жангелдин, Қамысты, Жітіқара, Қостанай, Әулиекөл, Науырзым, Меңдіқара, Сарыкөл, Қарасу, Бейімбет Майлин, Федоров аудандарынан 17 команда, барлығы 181 спортшы қатысты. Сайыс асық ату, үстел теннисі, дартс, корнхолл, пара жеңіл атлетика, дойбы, тоғыз құмалақ түрлерінен ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.
Спорт фестиваліне облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбеков, облыс әкімінің кеңесшісі Аслан Дабылов және Қостанай облысының паралимпиадалық спорт түрлері федерациясының төрағасы Дүйсенғали Оспанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
– Фестивальге тірек-қимыл жйесі бұзылған, көру және есту қабілетінде ерекшеліктері бар спортшылар қатысты. Сайыс өте тамаша өтті. Қатысушылардың бәрі жоғар деңгейдегі дайындықпен келген. Денисов ауданының атынан он адам бақ сынады. Олардың арасында спорт додаларының бірнеше мәрте жүлдегерлері бар,-деді Денисов аудандық спорт бөлімінің басшысы Наталья Филатова.
Сайыс қорытындысында Денисов ауданының командасы қомақты жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда: Ханкелді Исмаилов асық атудан 2-орын, Асия Исмайлова корнхолдан 3-орын, Виктор Безай дойбыдан 3-орын, Сәуле Қожахметова дойбыдан 1-орын, Арианна Кобзарь тоғыз құмалақ 1-орын, Светлана Иржанова ядро лақтырудан 1-орын және корнхолдан 2-орын, Александр Беспалов корнхолдан 3-орын алды.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді жолдаған Наталья Филатова.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31