
Қарасу ауданында маңызды автожолдардың бойы тазалануда
Қарасуда облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан ауылдардың санитарлық тазалығына ерекше мән берілуде.
Олар Октябрь, Шалғышы, Айдарлы, Қойбағар, Люблин, Қарасу, Черняев селолық округтері. Қоқыс үйінділерін тазартып, тілсіз жаудан сақтану үшін жол жиегін жыртуға шешім қабылданыпты. Тазалық шараларына жергілікті тұрғындар да белсене кірісуде. Соның ішінде Октябрь ауылын ерекше атап өтуге лайық. Аталған ауылда тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштер маңын тазалау, көгалдандыру қарқын алған. Мұндағы «Суық су» коммуналдық мекемесі, «Имран» шаруа қожалығы және тұрғындар апта сайын сенбілікке шығады.
Аудан басшысы Қайрат Оспановтың айтуынша, биыл 8 ауылдың көше жарығын жаңартуға облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлініпті. Бұл қаражатқа Қарасу, Жаныспай, Люблин, Қызкеткен, Ушаков, Степное, Октябрь, Амангелді ауылдарының көше жарығы ауыстырылады.
Аталған жұмыстар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында жасалып жатқанын еске саламыз.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретте: Октябрь ауылындағы көгалдандыру ісі
Суретті Октябрь ауылдық округінің әкімдігі жолдады.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31